Понедельник, 10 июня 2019 15:16

ҚКХП Президент сайлауының алдын ала қорытындысына қатысты баспасөз мәслихатын өткізді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

10 маусымда Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Орталық комитетінде ҚКХП атынан кезектен тыс Президент сайлауына қатысқан үміткер Жамбыл Ахметбеков баспасөз мәслихатын өткізді.

Жиын ҚР Орталық сайлау комиссиясының сайлаудың алдын ала қорытындысына қатысты мәлімдемесінен кейін ұйымдастырылды.

Басқосуға ҚКХП республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Айқын Қоңыров және оның орынбасары Виктор Смирнов қатысты.

Баспасөз мәслихатын ҚКХП баспасөз хатшысы Назгүл Мақжан ашып, Жамбыл Ахметбековке сөз берді.

Өз кезегінде сайлауға ҚКХП атынан қатысқан үміткер коммунистер сайлау қорытындысымен келісетіндерін және Орталық сайлау комиссиясы жариялаған сайлаудың алдын ала қорытындысы шындықпен жанасады деп білетіндерін мәлімдеді.

– Сайлау, ашық әрі әділ өтті. Сайлау кампаниясы кезінде шынайы сайлауалды күрес жүрді. Біздің үгітшілер заң аясында барлық мүмкіндіктерін тиісінше пайдаланды. Ашық, әділ сайлау өткізуге барлық жағдай жасалды. Конституция кепіл болған теңдік пен бәсекелестік заңы толық сақталды. Біздің байқаушылардың сайлаудың нәтижесіне ықпал ететін өрескел құқыбұзушылықты анықтамағанын мәлімдеймін, – деді ол.

Баспасөз мәслихатында Ж. Ахметбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтауын жолдап, оның кезектен тыс Президент сайлауындағы жеңісі сенімді әрі лайықты болғанын жеткізді.

Коммунист ҚКХП жақтастары мен белсенділерін сайлауалды кампанияны тиісті дәрежеде ұйымдастырғаны және атқарғаны үшін сонымен қатар сайлаушыларға өзін қолдағандары үшін алғыс білдірді.

– Кезектен тыс Президент сайлауы жоғары билік транзитінің шешуші кезеңі болады және Қазақстанды жаңғырту жолындағы реформалардың жүзеге асуына ықпал етеді деп санаймын. Мен бүгінгі қорытындыны біздің жеңілісіміз деп есептемеймін. Біз күшімізді көрсеттік, тағы бір мәрте өзімізді тексердік. Парламент Мәжілісінің сайлауы алдындағы облыстық, аудандық комитеттердің шама-шарқын байқадық, – деді Ж.Ахметбеков.

ҚКХП баспасөз мәслихаты

5cfe0b0aad686 ITOGI VYBOROV 35cfe0b0aad686 ITOGI VYBOROV 35cfe0b0aad686 ITOGI VYBOROV 3

 

Прочитано 134 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.