Четверг, 20 июня 2019 15:16

Депутаттық сауал Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің орынбасары

Г.Н. Әбдіқалықоваға

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті  Гүлшара Наушақызы!

Әрбір бала ерекше қамқорлыққа құқылы. Бірақ ақыл-есі мен физикалық жағдайы мемлекет тарапынан ерекше назар аударуды талап ететін балалар бар. Тек балалар ғана емес, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға да ерекше қамқорлық қажет. Мұндай балаларды өсіру  ата-аналар үшін үлкен психологиялық жүктеме. Сондықтан мүгедек балалары бар отбасыларға жан-жақты көмек көрсетілуі тиіс.

Алайда бізде шын мәнінде жағдай басқаша болып тұр. Арнайы әлеуметтік қызмет алу үшін мүгедек балалар жыл сайын медициналық тексерістен өтулері тиіс. Олар жыл сайын психиатрдан, тері-венерология диспансері мен фтизиатрдан, флюорографиялық тексерістен өтеді.  Одан қалды бұл тексерулерді жыл басында, яғни қыс мезгілінде өту қажет.

 Мүгедек балалардың стомотологиялық емі де әлі күнге дейін шешілмеген мәселе болып тұр. Мемлекеттік емханалар толық ем жүргізбейді, бұған қоса ата-аналардан олардың емдеу сапасына шағымдар түсіп жатады. Сонымен қатар мемлекеттік стоматологияларда психо-неврологиялық патологиялары бар балаларға емдеу барысында жалпы анестезия қолданылмайды. Жекеменшік клиникаларда мұндай балаларға көрсетілетін қызмет қымбат тұрады.

Оңалтудан өту да үлкен мәселе. Орын тапшылығынан жылына бір рет оңалту процедураларын қабылдау қиынға соғады. Мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарының санын көбейту қажет.

Мүгедектер арбасы да шешімін таппаған мәселе болып қала бермек. Арбалар баланың дертін есепке ала отырып берілсе және олардың пайдалану мерзімі қайта қарастырылса. 

 Жоғарыда айтылған сұрақтармен қатар мынадай мәселелерге де назар аударуыңызды сұраймыз:

- арнайы ортопедиялық аяқ-киімдердің сапасын ескере отырып, берілу тәртібін қайта қарастыру;

 - балабақшаларда ақыл-есі түзу мүегедек балалар үшін топ ашу мәселесін қарастыру;

  - үйде оқытылатын балаларға сабақ сағаттарын толығымен қайтару, білім беру сапасын арттыру, қазіргі таңда сағат сандары қысқартылған;

- асыраушысынан айырылу және мүгедектік бойынша жәрдемақы алу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Қазіргі таңда асыраушысынан айырылған жағдайда, мүгедектік немесе асыраушысынан айырылу бойынша ғана бір  жәрдемақы алуға болады;

- аураханалардағы невралгия, пульмонология және реанимация бөлімшелерін өкпеге жасанды вентиляция жасау аппараттарымен жабдықтау;

- мүгедек балалардың дерттерінің барлық санаттарын ескере отырып, орфанды препараттардың тізімін кеңейту және объективті талдау жүргізу;

 - мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға ерекше статус белгілеу қажет;

 - мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың зейнеткерлікке шығу жасын төмендетуді ұсынамыз. Сонымен қатар бір ата-анаға қықсартылған жұмыс күнін енгізу мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз;

- асырап алуды рәсімдеу тәртібін қайта қарастыру қажет. Қазіргі таңда бұл процедура 9 айға созылады. Бұл мерзім ішінде отбасы қаржылай көмек алмайды. Бұл жағдайда  толық емес отбасыларға тіптен қиын.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, қойылған сұрақтарға жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

"Халық коммунистері"

фракциясының депутаттары:                                                   

М. Магеррамов

Ж. Ахметбеков                                             

Г. Баймаханова

А. Қоңыров                                                  

В. Косарев

И. Смирнова                                                 

Т. Сыздықов

19.06.19 ж. жарияланды

Прочитано 54 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.