Четверг, 20 июня 2019 15:19

Депутаттық сауал Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

А.Ұ. Маминге

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Асқар Ұзақпайұлы!

Қазақстанның тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев басқарушы партияның ХVII съезінде: "Біздің басты басымдылығымыз - азаматтарды лайықты өмір деңгейімен қамту және Қазақстанның әлеуметтік бағдары бар мемлекет ретінде дамуы", - деді.

Мемлекеттік органдар ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жауапкершілігін ала отыра, халықтың әл-ауқатының ұйымдастырушылық-техникалық және құқықтық өсу механизмдерін іске қосып отырулары тиіс.

Бұл бағыт бойынша ештеңе жасалмай жатыр деп айта алмаймыз, бірақ Үкіметтің қабылдап жатқан шараларының барлығы бірдей халық арасында қолдауға ие болып жатқан жоқ. 

Аз қамтылған отбасыларға арналған атаулы әлеуметтік көмек тиісті деңгейде қабылданбады, себебі жергілікті билік органдары отбасылардың шынайы табысын барынша көтермелеуге тырысып жатыр.  Әсіресе ауылды жерлерде жағдай қиын. Ауыл әкімдері отбасының табысын көтермелеу мақсатында құс пен мал басын есепке алып жатыр. Жергілікті атқарушы орган балалардың жәрдемақысын беруге қимайды. Естеріңізге сала кетейік, бұл қаражат бюджетке салынған, сондықтан жәрдемақыны үнемдеу пайдакүнемдік пен алушыларды қорлау сияқты көрінеді. 

Тілге тиек ететін тағы бір жағдай ол - жалақы деңгейі. Еліміздің бір азаматына 8,8 мың АҚШ долларына өнім өндіріледі, ал өндірілген өнім құнының тек 5,5% жұмсалады. Ауылды жерлерде жұмысшылардың 48,8% айына 75 мың теңге алады. Әрбір екінші адам ғана жұмыспен қамтылған. Бюджеттік салада да осындай жағдай қалыптасқан. Ал жеке секторда жалақы деңгейін қарастыруға ешкімнің құлшынысы жоқ. Ал басшылары қатардағы қызметкерлерге қарағанда өздеріне 5 есе жоғары айлық бекітеді. Төмен жалақы көптеген мамандықтардың мәртебесін түсірді.

"Халық коммунистері" фракциясы табыстың, жұмыс пен қызметтің 1/3 қызметкерлердің еңбекақысы мен әлеуметтік қажеттіліктерге бағыттауды ұсынады.  Мұндай шара еңбек өнімділігін арттырады.

 Бізде еңбектің ғылымдық ұйымдастырылуына ұмтылыс жоқ. Батыс идеологтарының нұсқауымен барлығы нарықтық тәртіпке берілген.

 Үкімет жекеменшік тауар өндірушілерді қолдауға барынша үлес қосуда. Табыстарды дербес үлестіру елден сыртқа ақша шығару, шенеуніктерді параға жығу, өз байлықтарын арттыруға негіз болып отыр. Кадрларды даярлауды кәсіпорын есебінен ұлғайту қажет.  Өндірісте білімді адамдардың жұмыс істеуі мамандар арасында бәсеке тудыртуы тиіс. Мектеп түлектері ҰБТ қорытындысы бойынша өз қалаулары емес, мемлекеттік гранттар бойынша мамандық таңдайды.  Сондықтан мамандық бойынша жұмыс істемейді немесе жеке кәсіпкерлерге жұмыс істейді.

Түлектердің басқа елде жоғары білім алулары жиілеп барады (әлемнің 54 елі, оның ішінде Моңғолия, Мальта, Оман және т.б. бар). Қазіргі таңда әрбір жетінші қазақстандық шетелде оқиды, бұл дегеніміз 107 мың адам. Олардың елге қайтып келетіндеріне ешкім кепіл бере алмайды. 

Үкіметтің іс-әрекеті жұмысшылар қажеттіліктерінің пайда болуының алдында жүруі тиіс. Сонымен қатар еңбек жағдайының мемлекеттік  бақылауын күшейту қажет. Әлеуметтік мәселелер бойынша Үкімет, жұмыс беруші және кәсіподақтар арасындағы келісімдерге негізделу қажет. 

Депутаттық сауалды қарастырып, жауапты заңнамада белгіленген мерзім шінде жазбаша беруіңізді сұраймыз. 

 «Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары:                                               

В. Косарев         

Ж. Ахметбеков

А. Қоңыров

И. Смирнова

Т. Сыздықов

19.06.2019 ж. жарияланды

Прочитано 56 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.