Суббота, 22 июня 2019 15:42

ҚКХП: кеше, бүгін, ертең Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

21 маусым күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы 15 жылдығын атап өтті.

Осыған орай  ұйымдастырылған салтанатты шараға депутаттар мен дипмиссия өкілдері қатысты.

Жетістік жайлы сөз қозғаған ҚКХП ОК хатшысы, «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров партия мүшелерінің қатары үнемі толығып отыратынын айтты. Оның сөзінше, батыс идеологтары коммунистер жайлы теріс түсінік қалыптастыруға тырысса да, қоғам коммунистік идеяның өміршең екенін жақсы біледі.

– Менімше, партия мүшелері қатарының көбеюі көпшіліктің біздің көзқарасымыз бен мүддемізді қолдайтынын көрсетеді, – деді ҚКХП ОК хатшысы.

Бүгінгі таңда партия қатарына жастар көп қабылданып жатыр. ҚКХП құрылған кезде бұлай емес еді.

– Бізге партия құрамы бірте-бірте қартайып, қатардан шығып қалады деген сөз жиі айтылды, – деп еске алды А.Қоңыров. – Шын мәнісінде біз бұл пкірдің ұшқары екенін дәлелдедік.  Бізде партия резервін құрап отырған Жастар қанаты бар. Біздің партияда болашақ та, дәл осы сәт те бар. Өткенді де ұмытуға болмайды. Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ең басты екі жетістігі – парламент сайлауындағы жеңістері. Бұл жеңіс коммунистерге Мәжіліс құрамына қабылдану құқығын берді.

– Біз үшін бұл өте маңызды, – деді фракция жетекшісі. – Заң шығару органында қызмет ету бізге қарапайым адамдардың өмір сүру сапасын арттыру мүмкіндігін ұсынады. Коммунистер Парламентте әлеуметтік мәселелерге басымдық береді. Бұған дейін біз көтерген мәселелердің дені қазір шешімін тауып жатыр. Бұрын Үкімет біздің бастамаларымызға сенімсіздікпен қарайтын. Қазір жағдай өзгерді. Өмір нақты талап қойып жатыр. Объективті үдеріс жүріп жатыр деуге болады. Сәйкесінше Үкімет ел азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға тырысып жатыр.

ҚКХП баспасөз қызметі

Прочитано 46 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.