Четверг, 27 июня 2019 10:43

Депутаттық сауал Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министріне

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Қазіргі таңдағы басты мақсат адамдардың өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады. Бұл үшін шынайы табысты арттыру қажет, алайда бұл үдерістің қарқыны өте баяу жүруде. Соның салдарынан шығын құрылымы әлсіреп жатыр. Соңғы бес жылда қазақстандықтардың азық-түлікке жұмсайтын шығын үлесі  рекордтық көрсеткішке жеткен. Шығынның жартысы азық-түлікке жұмсалады.

Мұндай жағдайда өмір деңгейін ұстап тұру үшін әлеуметтік қызметтің сапасы мен қолжетімділігіне ерекше назар аударылады. Бұл азаматтардың әлеуметтік хал-ахуалы мен адами капитал инвестициясын жақсартудың бірден бір әдісі болып табылады.

 Қазіргі таңда бұл салада жаппай мемлекет иелігінен алу бағдарына бет алынған.   Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобасы аясында әлеуметтік нысандарға басымдық беріліп отыр. Олардың ішінде рентабельділігі 300% болады деп уәде берілген студенттік жатақханалар құрылысы бар.

Жекешелендіру механизмі арқылы жеке инвесторларды тарту да жүргізіліп жатыр. Жекешелендірудің кешенді жоспары бойынша жеке меншікке берілген нысандар саны 500-ге жетті. Олардың жартысы коммуналды жеке меншік нысандары.

 Әртүрлі форматтар арқылы емханалар, оңалту-сауықтыру кешендері, диагностика орталықтары, диспансерлер, шипажайлар, спорт клубтары, музыкалық және сурет мектептері, спорт сарайлары, оқушылар үйлері жекешелендірілген.

 Сонымен қатар республикалық меншікте болған бірқатар медициналық, білім беру мен ғылыми мекемелер жекешелендірілген. Бұл нысандарды жекешелендіруден бюджетке ешқандай қомақты пайда түскен жоқ. Сондықтан басты мақсат қызмет құнын төмендету, ассортиментті кеңейту, қызмет көрсету сапасын арттыру болу керек еді. Бірақ сапа көрсеткішін бақылаумен кім айналысып жатыр? Жекешелендіруден кейінгі бақылау формальды көрсеткіштерге негізделіп отыр.

 «Халық коммунистері» фракциясы әлеуметтік нысандарды жекешелендіру нәтижесіне сапалы талдау жасайтын кез келді деп санайды. Сонымен қатар оған қоғам өкілдері де тартылуы тиіс. Әлеуметтік қызмет алушылар жекешелендіруден кейінгі сапа мен қолжетімділікке өздерінің бағасын берулері тиіс.  Электронды анкеталау мен кері байланысты енгізу  арқылы тиісті формат құрастыру қажет деп санаймыз.

Бұған қоса мынадай ақпарат беруіңізді сұраймыз:

  1. Кешенді жоспар бойынша жекешелендірілген нысандарға қанша көлемде инвестиция салынды?
  2. Қанша жаңа жұмыс орны құрылды?
  3. Физикалық және қаржылай сипатта өнідірлген өнім мен қызмет ауқымы қаншаға артты?
  4. 500 нысанды жекешелендіруге байланысты мемлекет сыңайлы құрылым мен мемлекеттік орган қызметкерлерінің саны қаншаға қысқартылды?

«Халық коммунистері»

фракциясының депутаты:

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

Т. Сыздықов

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

26.06.19 ж. жарияланды

Прочитано 49 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.