Вторник, 02 июля 2019 17:26

КОММУНИСТЕРДІҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕГІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА ЖЕТТІ Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Құрметті достар, алғашқы тұтыну заттары мен азық-түлік тиелген жүк көліктері Шымкент қаласына жетті. Коммунистік Халық партиясы мен елорда тұрғындары Арыс қаласында болған жағдайдан зардап шеккендерге 4 миллион теңгеге жуық қаржылай көмек пен 5 тоннадан астам қажетті тауар жинаған болатын.

Айта кетейік, бұдан бұрын халыққа көмек көрсету мақсатында партияның Орталық Комитеті жанынан азық-түлік пен алғашқы тұтыну заттарын қабылдау пункті ашылған болатын. Коммунистер 5 тонна азық-түлік пен алғашқы тұтыну заттары тиелген жүк көліктерін оңтүстікке жөнелткен еді. Бүгін жүк түсіріліп, қабылдау пункттеріне таратылып жатыр.

Естеріңізге салайық, маусымның 24-і күні таңертең Арыс қаласындағы әскери қоймадан өрт шығып, соңы жойқын жарылысқа ұласты. Салдарынан 3 адам қаза тапты. Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланған болатын.

#Арысбізсеніменбіргеміз

02020202

Прочитано 32 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.