Среда, 03 июля 2019 16:55

Айқын Қоңыров «Синьхуа» ақпараттық агенттігіне сұхбат берді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

«Халықтық коммунистер» фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров Қытай Халық Республикасының (ҚХР) мемлекеттік «Синьхуа» ақпараттық агенттігіне Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық, сауда-экономикалық және достық қарым-қатынас жайлы сұхбат берді.

«Екі ел арасындағы бұрынғы тарихи достық «Нұрлы жол» және «Бір белдеу, бір жол» бағдарламалары арқылы қайта жанданып жатыр. Қазақстан мен Қытай арасындағы достық сенімді саясатқа, тұрақты экономикалық және мәдени байланысқа негізделген», – деді А.Қоңыров.

Сондай-ақ А.Қоңыров Қазақстан Коммунистік Халық партиясы мен Қытай Коммунистік партиясы арасында тұрақты, әрі байсалды байланыс бар екенін, қазақстандық коммунистер Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісімен тығыз қарым-қатынас орнатқанын атап көрсетті.

«Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тауар айналымы жылдан-жылға артып келеді. Қазақстан Қытайға ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын ұлғайтып жатыр. Ресми Нұр-Сұлтан мен Бейжің 2020 жылға қарай өзара тауар айналымын 20 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр», – деді «Халық коммунистері» фракциясының жетекшісі.

Сөз соңында А.Қоңыров Қытай мен Қазақстан дос, көрші ғана емес, шекаралас ел және бір-біріне тиімді серіктес екенін айтты.

ҚКХП баспасөз қызметі

Прочитано 44 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.