Пятница, 05 июля 2019 11:02

ҚАЗАҚСТАНДА ШАМАМЕН 500 НЫСАН ЖЕКЕ МЕНШІККЕ БЕРІЛГЕН Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Құрметті достар, қазіргі таңда елімізде инвесторларды тарту және жекешелендіру механизмі жүргізіліп жатыр. Жекешелендірудің кешенді жоспары бойынша жеке меншікке берілген нысандар саны 500-ге жетті. Олардың жартысы – коммуналды жеке меншік нысандары.

Ашық көздерден алынған мәліметтерге сәйкес, 2020 жылы Қазақстанда жекешелендірудің екінші кезеңінің аясында ұлттық холдингтердің 24 активі сатылымға қойылатын болатын.

«Халықтық коммунистер» фракциясының депутаттары осы мәселеге назар адарып, 2019 жылдың 26 маусымындағы депутаттық сауалында жекешелендірудің механизмдеріне қатысты тақырып қозғаған болатын:

«Бұл нысандарды жекешелендіруден бюджетке ешқандай қомақты пайда түскен жоқ. Сондықтан басты мақсат қызмет құнын төмендету, ассортиментті кеңейту, қызмет көрсету сапасын арттыру болу керек еді. Бірақ сапа көрсеткішін бақылаумен кім айналысып жатыр? Жекешелендіруден кейінгі бақылау формальды көрсеткіштерге негізделіп отыр.

         «Халық коммунистері» фракциясы әлеуметтік нысандарды жекешелендіру нәтижесіне сапалы талдау жасайтын кез келді деп санайды. Сонымен қатар оған қоғам өкілдері де тартылуы тиіс. Әлеуметтік қызмет алушылар жекешелендіруден кейінгі сапа мен қолжетімділікке өздерінің бағасын берулері тиіс.  Электронды анкеталау мен кері байланысты енгізу  арқылы тиісті формат құрастыру қажет деп санаймыз.»

         Депутаттық сауалдың толық нұсқасымен келесі сілтеме бойынша өту арқылы таныса аласыздар: https://knpk.kz/kz/khaly-kommunister-fraktsiyasy/deputatty-saualdar/64799-deputatty-saual

Прочитано 35 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.