2018 жылдың 13 маусымында Өскеменде ҚКХП ШҚОБ-ның кеңейтілген пленумы өтті. Пленум жұмысына обком басшылығы, қалалық комитеттер мен аудандық комитеттердің хатшылары, партия белсенділері, ҚКХП-мен бірге қызмет жасап келе жатқан облыстық саяси партия бөлімшелері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері және БАҚ қатысты.

Отырыста ҚКХП-ның 14 жылдығына арналған баяндама оқылды. Баяндамада партиялық қызметтің негізгі кезеңдері туралы айтылды, сонымен қатар қазіргі таңдағы ҚКХП мен ҚКХП ШҚОБ жұмысы туралы ақпарат берілді.

8 маусым күні ҚКХП Астана қалалық комитеті «Солнечный мир» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, ерекше балалардың санаториялық емдеу жеңілдіктерін негізсіз алып тастауын талқылауға арналған  «Ерекше балалардың денсаулығынан үнемдейміз бе?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Кездесуге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мен Денсаулық сақтау министрліктерінің және Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің өкілдері шақырылды. Сонымен қатар басқосуға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Магеррам Магеррамов қатысты.

Астана қалалық комитетінің коммунистері Т.Сыздықовтың депутаттық сауалы бойынша ҚКХП ОК тапсырмасын орындау мақсатында аймақтағы шаруашылықтармен кездесулерді жалғастырып жатыр.

7 маусым күні Астана маңында азық-түлік белдеуін ұйымдастыру мәселесі бойынша Целиноград ауданының әкімдігі мен кәсіпкерлерімен кездесу өтті.

Аудан әкімі М.Таткеев ауданның ет, сүт, көкөніс өндіретін шаруа қожалықтары және халық арасында сауданың ұйымдастырылуы туралы айтып берді. Есеп беру барысында аудан әкімі Астана қаласы әкімдігімен бірлесе шешілетін мәселелердің бар екендігін де айтты.

Понедельник, 18 июня 2018 12:49

Сәт сапар, жас түлек

ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Бейсенбай Мәжитов Көкшетау қаласы №1 мектеп-гимназиясының түлектерге арналған  мерекенің арнайы қонағы болып, оқушыларға салтанатты түрде мектеп аттестатын тапсыру рәсіміне қатысты. Бірінші хатшысы өзінің құттықтау сөзінде мектептің педагогикалық ұжымына алғысын білдіріп, мектеп-гимназия оқушыларының арасында ҚКХП-ның «Шапағат» халықтық жобасының волонтерлары көп екенін атап өтті. Мектептің кейбір оқушылары ҚКХП-ның патриоттық және интернационалдық іс-шараларына белсенді қатысып отырады.

ҚКХП Павлодар облыстық комитетінде «Баршаға арналмаған жұмыс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жетекшісінің орынбасары Х.Н. Кашкенованың мәліметі бойынша, облыс бойынша жұмыспен қамтылғандардың саны 396008 мың адам, олардың 200011 ер азаматтар және 195997-сі әйелдер. Халық санына шаққанда жұмысшы күш үлесі 85,1%-ды құрайды. Халықтың 15 жастағы үлесі 80,9%. Жалдамалы жұмысшылар саны 325989 адам (161417 – ер азаматтар, 164572 – әйелдер). Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар – 30398 адам. Есепте тұрған жұмыссыздар саны – 19621 адам, оның 9368 – ер азаматтар, 10253 – әйелдер. Қазіргі таңда 14000 бос жұмыс орны бар.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы өзінің бағдарламалық құжаттары мен заң шығару қызметінде қатардағы азаматтардың, әсіресе ауыл жұмысшыларының мүддесін басшылыққа қояды. Әрбір екінші депутаттық сауал елді мекендерде жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы өндірушілері, агрария мен мал өсірушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

21 сәуір күні Астанада өткен ҚКХП ОК мен ОБРК біріккен Пленумында ҚКХП-ның ауылды аумақтарды дамыту мәселелеріне қатысты Мәлімдемесі мақұлданып, 2 мамыр күні ҚКХП ОК хатшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Қоңыров осы тақырып бойынша депутаттық сауал жариялады. 

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.