2018 жылдың 21 маусымында Ұлы Отан соғысының басталу күніне орай Ақмола ОК Жастар қанатының көшбасшылары жергілікті госпитальда жарақаттан қаза болған Ұлы Отан соғысының жауынгерлері жерленген Көкшетау қаласының зиратында сенбілік өткізді.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті Шымкент қаласының тұрғындары арасында «Әкімге сұрақ қой» акциясын өткізді. Сауалнама аудандық, қалалық комитеттер мен обкомның активі және телефон арқылы да жүргізіледі.

Четверг, 21 июня 2018 11:13

Құттықтаймыз!

Құрметті жолдастар!

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының туған күніне арналған жүрекжарды құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Біз партияның құрылуынан бастап оның ірі саяси ұйымға айналуына дейін ұзақ жолды өткердік. Бұл - партиямыздағы әрбір коммунистің еңбегі.

ҚКХП Павлодар облыстық комитеті «Әкімге сұрақ қой» жалпықалалық акциясын өткізді. Халық коммунистері қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізу арқылы халықтың көкейінде жүрген мәселелерді анықтады.

Әкімге жолданған сұрақтардың көшін шыбын-шіркей мен масаға қатысты жағдай бастап тұр. Екінші орында үздіксіз ыстық сумен қамту мәселесі тұр. Сұрақтар тізімінде лайықты өмір, жалақы тағайындаудағы әділеттілік, азық-түлік бағасы мен коммуналды қызмет тарифтерінің төмендеуі болды. Бұған қоса сауалнамаға қатысушылардың барлығы сыбайлас жемқорлармен, пара алушылармен, қала және қала тұрғындарының мүлкіне зардап келтіретін вандалдармен күресті күшейту керектігін айтты.

Среда, 20 июня 2018 18:01

Коммунист Казахстана №39

Жуырда ҚКХП ШҚОБ өкілдері Глубокое ауданының Бобровка ауылына барып, тұрғындармен кездесті. Коммунистердің басты мақсаты ауыл тұрғындары мен «Бобровка+» ЖШС еңбек ұжымын Қазақстандағы ауылдық аумақтарды дамыту  туралы  ҚКХП-ның бастамасымен таныстыру болды. 

Кездесу алдында барлық қатысушыларға ҚКХП ОК Мәлімдеме мәтіні таратылды.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.