Қазақстан Коммунистік Халық партиясы (ҚКХП) Орталық комитетінің хатшысы, Парламент Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров Қытай Халық Республикасының (ҚХР) мемлекеттік «Синьхуа» ақпараттық агенттігіне Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық, сауда-экономикалық және достық қарым-қатынас туралы сұхбат берді.

30 мамыр күні Атырау облыстық сайлауалды штабы Президенттікке үміткер Ж.Ахметбековтың кандидатурасын қолдау мақсатында облыстық комитет белсенділерінің қатысуымен мотожарыс ұйымдастырды. Мотожарыс Жеңіс саябағынан бастау алды. Қазақстан Коммунистік Халық партиясының нышанымен және үміткердің баннерімен безендірілген бірнеше автокөліктермен бірнеше мотоцикл қаланың орталық көшелерінен жүріп шықты.  

30 мамырда ҚКХП үміткерінің сенім білдірілген өкілі, Алматы облыстық сайлауалды штабының жетекшісі С. Биғарова Талдықорған қаласының Д.Қонаев атындағы этнографикалық музейін аралады және Оқушылар сарайында сайлаушылармен кездесті.

30 мамыр күні ҚКХП Павлодар облыстық комитеті үгіттеушілермен бірге Ертіс өзенінде теплоходта кеңестік музыкамен және ҚР Президенттігіне үміткер Ж.Ахметбековке дауыс беру үндеуімен серуен өткізді. Теплоход үгіт плакаттарымен безендірілді. Ал партиялық нышанның элементтері бар киім киген белсенділер сайлаушыларға үгіт материалдарын таратты.

Четверг, 30 мая 2019 12:15

Коммунист Казахстана №52

Среда, 29 мая 2019 15:45

Депутаттық сауал

Қазақстан Республикасының

Премьер-министріне

А. Ұ. Маминге

Депутаттық сауал

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Қазақстан экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағдар алып отыр. Алайда бұл мақсатқа жаңа нысандардың санын арттыру арқылы емес, жоғары сапалы өнім шығару және жаңа технологиялық шешімдерді түрлендіру арқылы жетуге болады. Бұған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысқа (әрі қарай - ҒЗТКЖ) қажетті қаражат салу арқылы қол жеткізуге болады. Сарапшылардың соңғы зерттеулері бойынша, барлық әлемде кәсіпорындар ҒЗТКЖ шығынын арттырып жатыр. 70-жылдары оның шығыны жарнама шығынымен бірдей болса, қазіргі таңда одан 7 есе артып отыр.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.