17 шілде күні ҚКХП Астана қалалық комитетінің заңгері Гүлмира Исмағұловаға көпбалалы ана Гүлбану Нухиева заңгерлік кеңес сұрап келді. Заңгер оған жаңа форматтағы АӘК-ке қатысты кеңес берді.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 2017 жылдың 31 желтоқсанына  дейін қолданыста болған әлеуметтік төлемдердің орнына жұмыс жасайды. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің қазіргі әлеуметтік төлемдерден басты  айырмашылығы, ол тұрмысы төмен азаматтарға немесе отбасыларға көрсетілетін қолдаудың үш түрін бір пакетпен ұсыну болып табылады. Бұл дегеніміз, бүгінгі таңдағыдай тек атаулы әлеуметтік көмек төлеп қана қоймай, мемлекет тарапынан жұмысқа тұруға жәрдемдесуді білдіреді, яғни жұмыссыз жүрген отбасы мүшелері мемлекет есебінен оқуға жіберіледі, жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға орналастырылады.

Мәжіліс депутаты, «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының жетекшісі Владислав Косаревтің Шығыс Қазақстандағы жұмыс сапары жалғасуда. 10 шілде күні депутат Өскемен қаласына келді.

Өскеменде депутат Оқушылар шығармашылығы сарайында қала тұрғындарымен кездесті. Кездесуге қаланың атқарушы билік және қоғамдық ұйымдардың, облыстық саяси партиялар мен БАҚ өкілдері қатысты.

 Павлодар маңындағы Ленинский ауылында М.Мәметова көшесінің тұрғындары мен жолды қайта салу жұмыстарын орындаушы ұйым жұмысшылары арасында дау-дамай орын алды. Ауыл тұрғындары арнайы техниканың жолын бөгеп тастаған. Себебі  жол құрылысының сапасы тұрғындардың көңілін көншітпей отыр.  Тұрғындардың айтуынша, жаңа асфальт автокөліктердің салмағына шыдамайды.

Ызаланған тұрғындар жұмысты тоқтатқызып қойған. Оқиға орнына жергілікті атқарушы билік пен БАҚ өкілдері шақыртылған, кейін мердігер ұйымның жетекшісі мен ауыл әкімі келіссөздерге кіріскен. Бірақ ортақ шешімге келе алмаған.

Көкшетау қаласындағы «РИО» сауда-ойын орталығында ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің ұйымдастыруымен «Коммунист Казахстана» журналының мерекесі өтті.

Мереке жүргізушісі, филармония әртісі Татьяна Кирьянова іс-шараны Қазақстан Коммунистік Халық партиясын таныстыруымен бастап,   ҚКХП Ақмола ОК бірінші хатшысы Бейсенбай Мәжитовке сөз кезегін берді.

 Обком жетекшісі жиналған қауымды журналдың ұжымымен таныстырып, басылымда жарияланатын материалдар мен рубрикалар туралы айтып берді.

11 шілде күні Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайында қалалық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Бақыттың кілті – еңбекте» атты дөңгелек үстел өтті.

2 және 3 шілде күндері Минск қаласында КПО-КОКП ОК-ның  IV Пленумы өтті. Пленум жұмысына КПО-КОКП құрамына кіретін барлық партиялардың өкілдері қатысты. Іс-шараға Ресей Федерациясы, Вьетнам, Венесуэла, КХДР, Сирия, Қытай Халық республикасының дипломатиялық миссия өкілдері, белорустық және шетелдік БАҚ қатысты. Сонымен қатар қатысушылар Беларусь Президентінің қатысуымен өткен Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шараға және мерекелік шеруге қатысты.

IV  Пленум Беларусь мемлекеттік Ұлы Отан соғысы тарихы музейінде өтті.  Оның жұмысына КПО-КОКП құрамына кіретін Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Латвия, Литва, Молдова және басқа да мемлекеттердің    делегациялары мен Қазақстан Коммунистік Халық партиясының  өкілдері  қатысты.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.