ҚКХП Қостанай облыстық комитеті 2019 жылдың 5 наурызында «Әйел – мемлекеттік қызметкер, кәсіпкер, үй шаруасындағы әйел: мәселелер мен перспективалар» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді. Кездесуге билік пен саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ-дың өкілдері қатысты.

Среда, 06 марта 2019 16:51

Депутаттық сауал

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Б.М.Сапарбаевқа

Депутаттық сауал

Құрметті Бердібек Машбекұлы!

«Халық коммунистері» фракциясының мүшелері басқа партиялардағы көптеген әріптестері секілді Сіздің Үкіметтің негізгі министрліктерінің біріне жетекші болып тағайындалғаныңызды оң қабылдады. Ұлт көшбасшысы,  ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дамушы экономиканың бағытын белгілеу барысында әлеуметтік  мәселелерді шешу мен әр адамның әл-ауқатын жақсартуға басымдық берілуі тиіс екенін атап көрсетті.

Среда, 06 марта 2019 16:31

Аналар үйіндегі мереке

ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің коммунистері Көкшетау қаласы Аналар үйінің қамқорлығындағы әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, оларға гүл шоқтарын табыстады.

ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттеріне «Коминтернге 100 жыл» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

Жуырда Павлодар қаласының әкімі Ануар Күмпекеев жергілікті саяси партиялардың өкілдерімен кездесу өткізді. Барлық атқарушы орган қызметкерлері қатысқан кездесуде қала басшысы жеке өзі немесе мемқұрылым өкілдерінің көмегімен барлық сұрақтарға жауап берді.

Қазақстан Коммунистік халық партиясының Орталық Комитеті мен Парламент Мәжілісінің «Халық коммунистері» депутаттық фракциясы коммунистік идеология мен әлеуметтік әділдік идеясының мыңдаған қазақстандық жақтастарының атынан кеңестік және ресейлік атақты ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты Жорес Иванович Алфёровтың қайтыс болуына байланысты жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.