2018 жылдың 18 қазанында «Алма-Ата» БО мәжіліс залында білім беру саласында адам басын қаржыландырудың сынамалы жобасының нәтижелері бойынша фокус-топтың отырысы өтті.

Пятница, 19 октября 2018 18:01

«Комсомолмен қоштаспаймын»

2018 жылғы 17 қазанда Астана қаласының көпкешенді колледжінде бұрынғы комсомол қызметкерлері студентермен кездесті.

«Комсомол мәңгі жас» деген атаумен өткен кездесуге қатысқан 250 студент комсомол мектебінің тәрбиесін көріп, қоғамдық қызметте жетістікке жеткен жандардың әңгімесін тыңдады.

ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті БЛКЖО-ның 100 жылдығына арналған «Комсомол мәңгі жас!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға «Нұр Отан», «Ақ жол» партияларының өкілдері, ҮЕҰ мен Ардагерлер кеңесінің мүшелері, Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, обком мен   Жастар қанатының белсенділері, БАҚ қатысты.

2018 жылдың 16 қазанында Солтүстік Қазақстанның облыстық орталығында ақын,  батыр-қолбасшы Қожаберген жырауға ескерткіш орнатылды. Биіктігі 12 метрді құрайтын монумент Петропавл қаласының кіреберісіне қойылды. Оның авторы танымал қазақстандық мүсінші Қазбек Сатыбалдин.

17 қазан күні Талдықорған қаласының №17 орта мектебінің акт залында ҚКХП Алматы ОК ұйымдастыруымен БЛКЖО-ның 100 жылдығына арналған «Комсомол мәңгі жас!» атты мерекелік іс-шара өтті.

17 қазан күні Ы.Жақаев атындағы ҒЗИ-дің мәжіліс залында ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің ұйымдастыруымен «Комсомол мәңгі жас!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. БЛКЖО-ның 100 жылдығына орайластырылған іс-шараға ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері, партияның ардагерлері мен белсенділері қатысты. 

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.