Түркістан облысында осы тақырыпта қоғамдық пікірталас өтті. Іс-шара осы жылдың 10 қазанында жарияланған Қазақстан Президентінің Жолдауына орайластырылды.  Пікірталасқа Шымкент қаласының №15 мектеп-лицейінің ұстаздары, Ардагерлер кеңесі мен «Оставим народу жилье» ҚБ  мүшелері, обком активі қатысты.

Вторник, 16 октября 2018 13:35

Комсомол мәңгі жас!

12 қазан күні ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитеті ОК Жастар қанаты активінің, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Комсомол мәңгілік жас!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

2018 жылдың 5 қазанында Ы.Жақаев атындағы ҒЗИ ғимаратында ҚКХП Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Төртінші өнеркәсіптік революция - Қазақстан дамуының жаңа кезеңі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Вторник, 16 октября 2018 10:39

Комсомолдың талассыз беделі

ҚКХП облыстық комитетінің хатшылары Жарылқасын Нұрәлиев пен Жанат Бастаубаеваның басшылығымен Жамбыл облысының коммунистері Талас ауданының әкімшілік орталығы болып табылатын  Қаратау қаласында өткен дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Іс-шараға ҚКХП Талас аудандық комитетінің бірінші хатшысы Арыстан Байходжаев, ҚКХП жанындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Магомед Тоқсанбаев, «Игілік» көпсалалы кәсіпорын мен  «Қазфосфат» ЖШС  «Қаратау» ТӨК-тің орталық өндірістік зертханасының жұмысшылары, Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері қатысты.

Вторник, 16 октября 2018 10:37

Партиялық хатшы туралы естелік

Қаратау Қазақстанның заманауи және әдемі шағын қалаларының бірі болып саналады. Кеңестік заманда қала халқы 50 мың адамды құраған. Шаһарды қазақтар, орыстар, украиндықтар, немістер, гректер, өзбектер, күрдтер, белорустар мекен еткен. Олардың басым бөлігі химиялық алпауыт «Қаратау» ТКӨ-да жұмыс істеген.

ҚКХП облыстық комитеттің хатшылары Ж.Нұрәлиев пен Ж.Бастаубаеваның басшылығымен Жамбыл облыстық комитетінің белсенділері қазақ әдебиетінің классигі, Жамбыл облысының құрметті азаматы Шерхан Мұртазаның қайтыс болуына байланысты қаралы митингке қатысып, Тараз қаласындағы «Ерлік» мемориалды кешеніне гүл шоқтарын қойды.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.