Понедельник, 15 октября 2018 15:35

АРДАГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ

ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің активі Көкшетаудағы Қайырымдылық үйінің қамқорлығындағы еңбек ардагерлеріне облыстық филармония ұжымының концертін ұйымдастырды. Іс-шара демеушілердің көмегімен өткізілді.

11 қазан күні Атыраудағы Ф.Досымова атындағы №12 орта мектепте   балалар мен жас өспірімдер клубтары арасында мини-футболдан, үстел теннисінен, шахмат пен баскетболдан облыстық біріншілік бастау алды.  

Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде аймақ активінің Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылау бойынша кеңейтілген жиналысы өтті. Жиынға ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Е.Дәулетқазиев қатысты.

2018 жылдың 12 қазанында «Қазақстан-Куба» достығы мен мәдениеті  ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Куба еліне арналған іс-шара өткізді.

Пятница, 12 октября 2018 09:49

КУБА – МЕНІҢ МАХАББАТЫМ!

11 қазан күні Астанадағы Агротехникалық университте Куба Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Эмилио Певида Пупо ЖОО-ның оқытушылары мен студенттерімен, №2 қоғамдық мектеп оқушыларымен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Бұл іс-шараға халық коммунистері де белсене қатысты.

11 қазан күні ҚКХП Маңғыстау ОК кеңсесінде «Еңбек нарығы және төртінші революцияның шарттары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға облыстық бөлімшенің коммунистері, партия ардагерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.