Ұстаздар күні қарсаңында ҚКХП Алматы ОК белсенділері Көксу ауданындағы «Үміт» оңалту орталығы» ұжымының мерекелік іс-шарасына қатысты. 

ҚКХП Астана қалалық комитеті үнемі елорданың білім беру мекемелерінде  білім алушыларға түрлі іс-шара ұйымдастырады. Егер ұстаздар қауымы бұған мүдделі болмаса, қалалық комитет өкілдерімен тығыз байланыс орнатпаса, мұндай шаралар  өтпеген болар еді. 

Соңғы бірнеше онжылдықта әлем қоғамдастығы қарттар күнін атап өтіп жүр. Біздің облыста бұл бастама бір күнмен шектелмей, бір айға жалғасатын ауқымды шараға айналды.

ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы Жарылқасын Нұрәлиев пен партия белсенділері Қарттар күні мерекесі аясында 75 жастағы зейнеткер, еңбек ардагері Сырғаш Өтеқұлованың үйіне барып, мерекемен құттықтады.

2-3 қазан күндері Қостанайда «Қоғамдық кеңестер: олардың тиімділігін арттырудың жаңа тәсілдері» тақырыбында семинар өтті. Семинарды Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі  Азаматтық қоғам істері  комитетінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Ақпараттық-ресурстық орталық»   ұйымдастырды. 

ҚКХП Қызылорда облыстық бөлімшесінде қарттар күніне арналған іс-шара өтті.

Мерекелік дастархан басында коммунистер партия ардагерлерін мерекемен құттықтап, оларға мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі. Ардагерлер өз кезегінде обком қызметкерлеріне сәттілік тілеп, алғыс айтты. 

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.