2019 жылдың 15 наурызында ҚКХП Қостанай облыстық комитеті «Аймақтағы су тасқыны жағдайы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  Дөңгелек үстел жұмысына билік және саяси партиялардың, ҮЕҰ-дың өкілдері, қала тұрғындары мен БАҚ қатысты.

ҚКХП Қостанай облыстық комитеті Бюросының мүшелері су тасқыны жағдайына дайындық бойынша шараларды саралау мақсатында Қарасу ауданында болды.

ҚКХП-ның Атбасар ауданындағы өкілі Е.Б. Түбекова аудандық әкімдікте болып, 2019 жылғы маусымдық тасқынның қауіпсіз өтуіне қолданылып жатқан шаралармен таныс болды.

Жауапты тұлғалардың ақпараты бойынша, елді мекендерді инженерлік қорғаудың іс-шаралар жоспарына сай ауданның 9 елді мекенінде тасқынға қарсы іс-шаралар жүргізілген. 

ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті облыстық ТЖД өкілдерінің қатысуымен 2019 жылғы су тасқыны маусымына дайындық жұмыстарына арналған  кеңейтілген Бюро отырысын өткізді. 

2019 жылдың 15 наурызында ҚКХП Сандықтау аудандық комитетінің хатшысы, аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Виктор Новоселов аудандық төтенше жағдайлар қызметінде болып, тасқынға қарсы  дайындық деңгейі мен халықпен жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде хабардар болды.

ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінде «Әйел – мемлекеттік қызметші, кәсіпкер, үй шаруасындағы әйел: мәселелері мен келешегі» деген тақырыпта қоғамдық талқылау өтті.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.