«Шапағат» Жаңа жылмен құттықтайды!» акциясы аясында 29 желтоқсан күні ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің белсенділері мен басшылығы Бұхар жырау ауданы Ғабиден Мұстафин атындағы ауылдағы қарттар үйіне барып, қарияларды мерекелерімен құттықтап қайтты.

Пятница, 29 декабря 2017 21:39

Құрметті жолдастар!

Сіздерді келе жатқан 2018 жылмен құттықтаймыз!

Жаңа жыл жақсылық пен келер күнге деген сенім, жаңа таныстар мен бақытты сәттер сыйласын! Жаңа жылға тамаша көңіл күймен, ақ адал ниетпен, үлкен сеніммен қадам басуларыңызды тілейміз. Алға қойған барлық мақсаттарыңыз орындалсын!

Сізге және Сіздің отбасыңызға мықты денсаулық, бейбітшілік, бақыт пен сәттілік тілейміз!

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының

Орталық Комитеті

2017 жылдың 28 желтоқсанында Шығыс Қазақстанның халық коммунистері «Шапағат» жаңа жылмен құттықтайды!» қайырымдылық акциясын Өскемен қ. №1 мектебінде өткізді. Акция аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 25 бала ҚКХП ШҚ ОК басшылығынан сыйлықтар алды.

Қазіргі таңда «Шапағат» халықтық жобасы бүкіл республикаға танымал. «Шапағат» мектепке дайындайды», «Шапағат» шахтерлар отбасы үшін» акцияларының қатары «Шапағат» жаңа жылмен құттықтайды!» акциясымен толықты.

Пятница, 29 декабря 2017 16:50

КСРО: тарих беттері

ҚКХП Алматы қалалық комитетінің кеңсесінде КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің ардагерлерімен және партия белсенділерімен КСРО-ның 95 жылдығына орайластырылған кездесу өтті. Кездесуге ғалымдар, КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің ардагерлері, калалық комитеттің белсенділері мен мүшелері қатысты. Қалалық комитеттің партиялық ұйымдастыру жұмыстары секторының меңгерушісі Абзал Әуелбеков баяндама  дайындап, КСРО құрылуының негізгі кезеңдеріне тоқталып кетті:

ҚКХП-ның ең ірі бөлімшелерінің бірі Алматы қалалық комитеті жыл қорытындысын жасады.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.