Понедельник, 12 февраля 2018 16:00

Жаңа жылға жаңа күшпен

ҚКХП-ның «Шапағат» халықтық жобасына көмек сұрап келетіндердің басым бөлігі өмірдің қиын жағдайына тап болған көпбалалы аналар. Олардың  бастан кешкен оқиғалары әртүрлі, бірақ барлығы  жоқшылық пен кедейшілікке тап болып отыр. Жоба волонтерлары барлығына бірдей көмек көрсетуге тырысады.

Жаңа жыл мерекесінен және аймақтарды аралағаннан кейін халық қалаулылары қызметтеріне кірісті. Бүгінгі таңда Парламенттің төменгі палатасының депутаттары белсенді жұмыс істеп жатыр. Парламенттің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, дәл қазір 36 заң жобасы Парламенттің қарауында жатыр. Әрқайсымыздың өмірімізге тікелей әсер ететін жаңа заңдар мен «Халық коммунистері» фракциясының бастамалары туралы «Коммунист Казахстана» журналына берген сұхбатында депутат, Парламент Мәжілісіндегі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің хатшысы Галина Баймаханова егжей-тегжей баяндады.

Понедельник, 12 февраля 2018 12:21

ОРТАҚ ЖОЛДА

Қаңтар айының соңында  ҚКП ОК құжаттарды зерттеу бойынша канцелярия меңгерушісі Лян Жун мырзаның басшылығымен Қытай Коммунистік партиясының  өкілдері Қазақстанда болып қайтты.

Астанадағы ресми сапар барысында «Қытай Компартиясының ХІХ Съезінің рухы» тақырыбында таныстыру конференциясы өтті. Конференцияға Қазақстан Коммунистік Халық партиясының өкілдері де қатысты. Сонымен қатар форум алаңында екі компартия басшыларының кездесуі де ұйымдастырылды.

Понедельник, 12 февраля 2018 11:50

Құрметті Жамбыл Аужанұлы!

Туған күніңізге арналған ақ тілегімізді қабыл алыңыз. Сізге шын жүректен ұзақ әрі бақытты ғұмыр тілейміз. Жақындарыңыз үнемі жаныңыздан табылсын. Игі бастамаларыңыз бен оларды іске асыратын мүмкіндігіңіз мол, рухыңыз сергек, көңіліңіз шат болсын.

Сіздің іскерлік және ұйымдастырушылық қабілетіңіз көптеген мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Тәжірибеңіз бен біліміңізді, күшіңіз бен жігеріңізді салып жүрген ісіңіз Сізге қуаныш сыйлап, кәсіби жетістіктерге жетелей берсін.

ҚКХП Орталық Комитеті мен ОБРК

9 ақпан күні ҚКХП Алматы қалалық комитетінің кеңсесінде Аэрофлот күніне орай азаматтық авиацияның құрметті ардагерлерімен кездесу өтті. Қазіргі таңда Қазақстанның күнтізбесінде бұл мереке жоқ, дегенмен  ұшқыш ардагерлер мен коммунистерде мерекені атап өту дәстүрі сақталған.

6 ақпан күні ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің басшылығы Орталық Қазақстан Академиясының оқытушы-профессорлар құрамымен және студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесуде Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жаңа Жолдауы талқыланды.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.