Жаңа жыл мерекесінен және аймақтарды аралағаннан кейін халық қалаулылары қызметтеріне кірісті. Бүгінгі таңда Парламенттің төменгі палатасының депутаттары белсенді жұмыс істеп жатыр.

Парламенттің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, дәл қазір 36 заң жобасы Парламенттің қарауында жатыр.

Адам – біртұтас ғаламшар, оның бойында ойлар, іс әрекеттер, мақсат, дарын және тағы да басқа жақсы қасиеттер бар. Жақсы адаммен таныстығың сенің дүниетанымыңды өзгертіп, сені маңызды және қажетті нәрсеге үйретуі мүмкін. Басшылықта ісіне бей-жай қарамайтын адам тұрғанда, оның қарамағындағылар да үлкен ынтамен жұмыс істейді. Әлібек Шапенов сондай адам. Ол кез келген іске барын салады. Осындай адамның Қазақстан Коммунистік халық партиясы Алматы қалалық комитетін басқаруы  заңдылық деп жазады REZONANS.KZ.

17 қаңтар күні ҚКХП Алматы қалалық комитетінің мүшелері мен белсенділері «Өмір сүруге үміт сыйла!» донорлық акциясын өткізді. Халықаралық стандарт  бойынша әлемде бір мың адамға 450 мл-дан 50-55 рет қан тапсыру қажет. Қарапайым есептеулер бойынша Қазақстанда донорлар саны 750 мыңнан кем болмауы тиіс. Дені сау адамдарды донорлыққа тарту үшін ең алдымен адамдардың назарын қан донорлығы мәселесіне аударту қажет.

Пятница, 19 января 2018 14:55

БЕТПЕ БЕТ

Аймақтардағы іс сапар барысында  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» фракциясының депутаты Ирина Смирнова Алматы қаласында бірқатар кездесулер өткізді.  Коммунист қаланың білім беру саласы мен банк борышкерлерінің мәселесіне ерекше назар аударды.

Пятница, 19 января 2018 14:53

ҮЛКЕН ҚАЛА ТЫНЫСЫНДА

Қаңтар айының өткен аптасы ҚКХП Алматы қалалық комитеті үшін әртүрлі іс шараларға толы болды.

«Ескі Жаңа жыл» мерекесіне орай «Шапағат» жобасы аясында ҚКХП Алматы қалалық комитеті әлеуметтік жағынан аз қамтылған екі отбасының балаларына тәтті сыйлықтар жасады. Қайырымдылық іс шара кітапханаға кітаптар табыстаумен жалғасты. ҚКХП Алматы қалалық комитетінің хатшысы Марианна Сафронова мен партия жұмысын ұйымдастыру секторының меңгерушісі Абзал Әуелбеков «Подари книгу библиотеке» акциясы аясында А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханаға көркем әдебиеттерді табыс етті.

2018 жылдың 16 қаңтарында ҚКХП  Батыс Қазақстан облыстық комитетінің жетекшісі Сүйінғали Жарлығасымов БҚО Демократиялық күштер коалициясының Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған отырысына қатысты.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.