Четверг, 01 февраля 2018 11:27

«Халық коммунистері» фракциясы

Оцените материал
(0 голосов)

ҚР Парламенті Мәжілісінде ҚКХП партиясының 7 депутатынан құралған «Халық коммунистері» фракциясы қызмет етеді.

Фракция депутаттары заң шығару ісімен айналысады, сайлаушылармен кездесу өткізеді, әлеуметтік маңызы зор мәселелер бойынша сауал жолдайды, заң жобалары бойынша жұмыс топтары мен тұрақты комитеттердің отырыстарына қатысады, Мәжілістің пленарлық отырыстарында сөз сөйлейді, заң жобаларына ұсыныс енгізеді, ҚКХП Орталық Комитеті, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өткізетін отырыстарға қатысады.

Парламенттегі ҚКХП қызметі аясында «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары азаматтардың әлеуметтік қамтылуы, жер реформасы, тегін медициналық қызмет, білім беру сынды мәселелерге қатысты 200-ден астам депутаттық сауал жолдады. Коммунист-депутаттар үлескерлердің, мүгедектердің құқықтары үшін күресіп, ауыл шаруашылығын дамытуды қолдайды.

Прочитано 623 раз
Другие материалы в этой категории: « Жарғы

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.