Среда, 06 июня 2018 11:47

«Халық коммунистері» фракциясының депутаты А.Қоңыровтың Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында «Үкіметтің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттің игерілуі туралы есебі» сұрағы бойынша сөйлеген сөзі

Оцените материал
(0 голосов)

Құрметті Нұрлан Зайруллаұлы!

Құрметті әріптестер және шақырылғандар!

Біз қараған есепке сай республикалық бюджеттің негізгі параметрлері орындалған.

Сөйте тұра, баға тек сандық қаржылық көрсеткіштерге ғана берілмеуі керек деп санаймын. Олардың артында тұрған жұмыстың сапасына, әлеуметтік-экономикалық мазмұнына қарау керек.

Осыған байланысты «Халық коммунистері» фракциясы келесі аспектілерді атап өту керек деп есептейді. ____

Бірінші. – ЖІӨ-нің 4% өсуі және негізгі капиталды инвестициялау нәтижесінде табыс бойынша бюджеттің игерілуі мен дефициттің азаюы қамтамасыз етілді.

Алайда бұның көп жағдайда Қазақстанда мұнай өндіруді кемінде 10% арттырғанда мұнайға әлемдік бағаның 25% өсуі сияқты қолайлы жағдайлардың салдарынан болғанын ескеру керек.   

Осындай жағдайда, 2017 жылғы Ұлттық қор активі  941 миллиард теңгеге (на 4%) қысқартылып, Қазақстанның сыртқы қарызы 3,9 миллиард долларға өскенде, бюджетке түсім бар болғаны 1,1%-тен асқан. 

Бұл Үкіметтің экономикада өсудің жаңа моделін таба алмағанын, ал дәстүрлі шикізат секторының басымдығы жеткіліксіз пайдаланылғанын білдіреді. 

Екінші. – Біздің фракция мемлекеттік сыңайлы секторлардан қайтарымды арттыру керектігін бірнеше рет айтқан. Оның қаржылық ағыны өз қажеттілігімен тұйықталып, республикалық бюджеттен толықтай автономды болмауы керек.

Біз нақты трансформация мен шығындардың азаюы басталғанын көріп отырмыз, бірақ 2017 жылдың қорытындысы бойынша жағдай әлі өзгермеген. Мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінен дивиденттер мен аударымдардың түсуі алынған пайда мөлшерімен есептегенде  6%-ке төмендеген.

Шындығында, бұл сектор өзіне ғана жұмыс жасады, бұл бюджеттік модельді қайта қарау және дивиденттер бойынша қатаң нормативтер енгізу қажеттілігі туралы сұрақтарды тудырады.  

Солай бола тұра, біз 2017 жылы бойында не ұлттық компанияларға, не басқарушы холдингтерге қатысты мемлекет саясатын өзгертуге бағытталған шараларды көрмедік.  Олардың қызметінің тиімділігі мәселесі республикалық бюджет үшін негізгі фактор бола тұра, назардан тыс қалды.   

Үшінші. – Негізгі капиталға инвестиция мөлшерінің «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және индустриалды-инновациялық даму нәтижесінде 5,5%-ке артуын жағымды нәтиже деуге болады. Бірақ коммунистер мұны дабыл белгісі деп қарастырады.

Шындығында, мемлекеттік бюджет инвестиция мен іскерлік белсенділіктің өсуінің басты қозғалтқышына айналуда. Бұл жеке инвестициялар үшін қолайлы жағдай құру бойынша жұмыстың жеткіліксіз екенін білдіреді.

Мемлекет өзін несие беруші институттармен алмастырады, жеке сектордың  төленбеген қарызын өзіне алады.

Жалпы... мемлекеттің экономикаға  қатысуы төмендемей, керісінше өсіп отыр.

Төртінші.  – Бүгін біз экономикалық өсудің қарқын алғанын байқаймыз, алайда өкінішімізге орай, бұл тұрғындардың нақты табысына әсер етпейді.

Егер 2017 жылы орташа жалақы 150 мың теңгені құраса, оның шындыққа жанасатын, медианналық мөлшері бар болғаны 83 мың теңгені құрады.

Бұл ішкі қажеттіліктің артуы есебінен экономиканың өсу мүмкіндігін айтарлықтай шектейтінін барлығымыз түсінеміз.

Елбасы жақында өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында мемлекеттің барлық жұмысы тұрғындардың табысын арттыруға жұмсалуы керектігін баса айтты.

Біздің фракция бұл ұстанымды толықтай қолдайды және негізгі критерий осы болуы керек деп санайды.

Сондай-ақ жоспарлау сапасына, әсіресе, бюджеттік бағдарламаларға салынатын мақсатты көрсеткіштерге қатысты сұрақтар бар. Олардың кейбір бөлігінің азаматтардың нақты өмір сүру деңгейін арттыруға қатысы жоқ екені анық. Осыған орай, индикаторлар жүйесін қайта қарау керек.

Бесінші. --- республикалық бюджетті игеру туралы есепке сай әлеуметтік міндеттемелер формальды түрде орындалған.

Алайда, фактілер бойынша бюжетке салынған параметрлер тұрғындар табысының төмен деңгейін анықтайтынын көріп отырмыз.

Ең төменгі жалақы, ең төменгі көнкөріс пен кедейлік шегінің деңгейі шындыққа жанаспай, еліміз бойынша жалақыны төмендетуге бағдар болып отыр.

Бұл бюджетпен қаржыландырылатын білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы жалақыға қатысты.

Осыған орай, «әлеуметтік міндеттеме» мен «әлеуметтік бағдарланған бюджет» түсініктерін қайта қарастыру керек деп санаймыз.

Әлеуметтік міндеттеме тек белгіленген соманы төлеуді емес, олардың мөлшерін нақты қажеттілікке сәйкестендіруді, лайықты өмір деңгейін қамтамасыз етуді білдіруі керек.

Әлеуметтік бағдарланған бюджет – жай әлеуметтік баптарға шығынның формальды үлесі үлкен бюджет емес. Олардың көп бөлігі шындығында мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы жеке бизнеске түседі емес пе.

Біздің түсінігімізде, шығын баптары тұрғындардың әл-ахуалын арттыруды қамтамасыз ететін бюджет әлеуметтік бағдарланған болып табылады.  

Кіріс бөлігі бойынша Үкімет мемлекеттік сыңайлы секторлар мен жекешелендіруден түсім бойынша жағдайды түбегейлі өзгертумен айналыспай, қолайлы сыртқы жағдайларға иек артады. 

Шығын бөлігі бойынша таразының басына қалыптасқан қаржыландыру стандарттарын орындау қойылады да, бюджет мүмкіндіктері тұрғындардың өмір сүру деңгейін айтарлықтай арттырудың тиімді механизмі ретінде пайдаланылмайды. 

Біз Мемлекет басшысының әлеуметтік бастамалары бюджеттік саясатты түзетуге итермелейтінін, қоғамның одан әрі дамуына маңызды бетбұрыс жасайтынын көріп отырмыз және Үкімет осы курсты ұстанады деп сенеміз.  

Сонымен, 2017 жылға арналған республикалық бюджетті, есеп комитеті көрсеткен қателіктерді ескеріп, негізгі параметрлері бойынша формальды орындалған деп санауға болады. Осы тұрғыдан алғанда 2017 жылы бюджеттік бағдарламаны іске асыру бойынша жұмыстар қорытындысын «Халық коммунистері» фракциясы қанағаттанарлық деп  таниды және Үкіметтің 2017 жылғы республикалық бюджеттің игерілуі туралы есебін мақұлдауды ұсынады.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет!

Прочитано 563 раз
Другие материалы в этой категории: « Мәлімдеме

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.