Четверг, 28 декабря 2017 02:12

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк төрағасы

Д.Т. Ақышевқа

Құрметті  Бақытжан Әбдірұлы!

Құрметті  Данияр Талғатұлы!

Ұлттық қорды құру кезінде негізделген және салыстыра тексерілген стратегиялық шешім болды. Алайда қалыптасқан жағдай елдің бас қорының әлсіз тұсын көрсетіп отыр. Bank of New York Mellon банкіндегі Ұлттық қордың 22 миллиард долларының бұғатталуы біздің тәуелсіз қордың құқықтық қорғалу деңгейінің төмендігін айғақтап отыр.

Сонымен қатар мемлекеттік саясат ресурстардың кезекті «еруіне» әкеліп тұр. 2016 жыл мен 2017 жылдың үш тоқсанында Ұлттық қордың таза активтерінің көлемі  2 миллион 949 миллиард теңгеге қысқарған, яғни 12%-ға. Долларлық есептеудің талдауы бойынша жағдай тіпті ушығып тұр. Бұған қоса резервтік қордың қысқартылу тенденциясын тоқтату үшін ешқандай факторлар болмай тұр.

Мұның барлығына Ұлттық қорға қатардағы  қаржы құралы ретінде қарау себеп болып отыр, оны басқару қазіргі таңда мемлекеттік органдардың қосалқы қызметіне айналды. Ұлттық қорды басқару жауапкершілігін ешкім мойнына алып отырған жоқ және ешкім оны кәсіби тұрғыдан стратегиялық басқарумен айналысып жүрген жоқ. Стратегиялық басқару ағымдағы әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға бағынышты болып қалды.

Сондай-ақ, бұл Ұлттық қордың бюджеттік жүйенің ажырамас бөлігі болып табылатындығы мен бюджеттің қосымша табысына айналып отырғандығының да салдарынан болып тұр.

«Халық коммунистері» фракциясы Ұлттық қор үшін төніп тұрған қауіпті қабылдауға келмейтін деп бағалап отыр. Қорда қаражаттарды шоғырландыру бүгінгі ғана емес, болашақ ұрпақтың да меншігі болып табылады.

Осыған орай мынадай ұсыныстарды қабылдау қажет деп санаймыз:

  1. Ұлттық қор қаражатын басқаруға толық жауапкершілік алатын бөлек мамандандырылған орган құру қажет.
  2. Ұлттық қордың реттелуін Бюджеттік кодекстен шығарып, бөлек заң қабылдау қажет.
  3. Мемлекет сыңайлы және кәсіпкерліктің жеке субъектілеріне қолдау көрсету үшін Ұлттық қор қаражатын пайдалануға мораторий енгізу.
  4. Бір таңбалы шектеу бекіту, бұл шектен тыс Ұлттық қордан кез келген сылтаумен қаражат алуға тыйым салынатын болады.
  5. Ұлттық қор инвестицияларын экономикалық және құқықтық тәуекелдерден қорғау үшін іс-шаралар кешенімен қамту.

Құрметпен, «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары                                  А. Қоңыров Ж. Ахметбеков Г. Баймаханова В. Косарев М. Магеррамов И. Смирнова Т. Сыздықов

Прочитано 49 раз
Другие материалы в этой категории: « ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.