Четверг, 28 декабря 2017 00:49

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Бүгін алпыс жыл бұрын 1957 жылы ғарышқа әлемдегі алғашқы жасанды жер серігі ұшырылғандығы туралы еске салуға тура келіп отыр. Бұл тарихи оқиға Қазақстан жерінде Байқоңыр ғарыш айлағында болған. Байқоңыр жерінен ғарышты игеру дәуірі басталды, қазіргі таңда әлемнің барлық ғылымы ғарыш кеңістігін игеруге және оны зерттеуге ұмтылып отыр.

Әрине алпыс жылдықтың елеусіз қалғаны өкінішті. Мұның себептері де түсінікті, бірақ бүгінгі мәселе басқада болып тұр. Байқоңыр қаласы және оның маңындағы Ақай мен Төретам қалаларының тұрғындары алғашқы жылдардағыдай толығымен ғарыштық ұшу мақсаттарына басыбайлы. Қазақстанның жергілікті азаматтары ғарыш саласына мамандандырылып жатыр, ал Ресей азаматтары зейнеткерлікке шықса да сол жерде тұруға қалып отыр.

 Қазақстан ғарыш кеңістігіне ғарышкерлерді ұшырып, осы жерде қарсы алып отырғандығын мақтан етеді. Алайда ғарыш кеңістігіндегі қауіп пен жеңістерді былай қойғанда,  жер бетіндегі мәселелер де жеткілікті.

Ғарыш айлағында өмір сүріп жатқан адамдардың күнделікті мәселелері де жетіп артылады. Реформалар кезінде  еліміз Бірыңғай Экономикалық Одаққа бірікті, экономикалық салада үйлесімді қарым-қатынас құруға тырысып жатыр. Көп нәтижеге қол жеткізілді. Ниет болса көп ұстанымдар бойынша келісімге келуге болады екен. Бірақ ғарыш айлағында тұратын  азаматтарымызға қатысты ешқандай оң өзгеріс байқалмай отыр. Біздің азаматтар біршама мамандықтарға ие болып, ракетаны ұшуға дайындау сияқты  технологиялық үдеріске, ғарыш аппараттарын монтаждау жұмыстарына қатысады және Ресейдің басқа да кәсіпорындарында жұмыс істейді.

Біздің азаматтарымыз бен ресейліктердің еңбек қарым-қатынастары көңіл көншітпейді. Екі елдің азаматтарына бірдей жұмыс міндеті жүктелгенмен, ауырған жағдайда, зейнеткерлікті рәсімдеуде және басқа да жағдайларда жалақы есептеуде айырмашылық бар.  Келіспеушіліктер өте көп, сондықтан  жерлестеріміз мәселенің оңтайлы шешілуін талап етіп отыр. Біздің азаматтарымыз Ресей азаматтығын алған жағдайда ғана, ресейлік кәсіпорындарға жұмысқа алынады.  Дегенмен жергілікті шенеуніктер үшін олар бөтен адамдар болып саналады. Міне, осыдан кейін әуре-сарсаң басталады.

Сондай-ақ жергілікті шенеуніктер екі жақтан да санитарлық бөлмеге баласына екпе салдыртуға келгендердің санкциясыз өтпеуін қатаң бақылайды. Бұл адамдардың сатуға қаймақ, нан немесе шұбат алып өтпес үшін жасалынатын шара, экономикалық қызмет ережелерін бұзғандар үшін ықпалшара  қолданылады. Біз ғарыш айлағындағы ресейлік және қазақстандық жұмысшылар үшін бірдей еңбек жағдайын, жалақы мен бірдей әлеуметтік пакетті талап етеміз. Бұл ереже НАТО-ның шетелдегі әскери базаларында қолданылады. Олардан үлгі алу айып болғанымен, амал қанша?

Бір кездері ғарыш айлағының базасына айналған Төретам мен Ақай қалаларының жағдайы да мәз емес, бұл қалалар әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың үздік үлгісі болғанын қалаймыз. Ұшуға келген шетелдік туристер Төретам мен Ақай арқылы өтеді, ал көру алаңындағы көрсетілетін қызмет біздің еліміздің ежелден келе жатқан салты мен ұлттық  дәстүріне мүлдем сай емес.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ғарыш айлағын жалға беріп отырғаны үшін белгілі соммада қаражат алады, бірақ бұл ақша тұрғындардың жағдайын жақсартуға емес, бізге беймәлім басқа мақсаттарға жұмсалатыны анық. Жалға алынатын қаражаттың 50 пайызы Үкіметтің бақылауымен арнайы бағдарлама бойынша мақсатты түрде осы елді мекендердің қажеттіліктеріне жұмсалуын талап ететін нормативтерді бекіту қажет.

Ақай және Төретам қалаларын Байқоңыр сияқты абаттандыру қажет. Бір іске жұмылдырылған адамдар бірдей жағдайда өмір сүруге құқылы. Жер ғаламшарының ғаламаралық ғарыш айлағы бейнесіне айналып отырған екі қаланың жағдайын жақсартуға  қазіргі экономиканың күші жетеді.

Жауапты заңнамада бекітілген мерзім ішінде жазбаша түрде беруіңізді сұраймыз.

«Халық коммунистері» фракциясының депутаттары

В. Косарев

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

Прочитано 21 раз
Другие материалы в этой категории: « ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.