Среда, 17 января 2018 13:16

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Депутаттық сауал

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

ТЭЦ КокшетауБүгінгі таңда Көкшетау қаласы жылу мен электр қуатының тиімді әрі сенімді көзіне зәру болып отыр.  Қазіргі жергілікті қазандықтың (№2 аудандық қазандық) техникалық ресурстары таусылған,   сондықтан шұғыл түрде ауыстыруды қажет етіп отыр. Көкшетау жылуды жергілікті  қазандық арқылы қамтамасыз етіп отырған  жалғыз ғана облыс орталығы болып табылады.

Қала тұрғындары осы күнге дейін 20 жыл бұрынғы оқиғаны естеріне алып отырады, 1997 жылдың басында қаланың тұтас аудандары қаңтар айында (!) бірнеше апта бойы жылусыз қалған. Бұл апат қайталануы мүмкін.

Біз 2012 жылы Ақмола облысының әкімі Қ.П. Қожамжаровтың Көкшетау қаласында ЖЭО құрылысы туралы саяси шешім қабылдағанын білеміз, қомақты қаржы резервте сақталынған. Жобаға ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев қолдау білдірген.

Жобаның  алдын ала құны 750 млн. АҚШ долларын құраған. Алайда 2013 жылы ҚР Энергетика министрлігінің бұрынғы басшысының ұсынысы мен нұсқауы бойынша жобаны іске асыру тоқтатылған. Елдің солтүстік аймағындағы электр қуатының профициті туралы дәлелдер келтірілген. Сонымен қатар  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 724 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейiнгi тұжырымдамасына сәйкес, 2030 жылдан бастап  елдің оңтүстігіндегі жүктеменің артуы туралы болжам бойынша Солтүстік аймақтан артылған қуатты тасымалдау мүмкіндігінен асады, бұл өз кезегінде 470 МВт тапшылығына әкеліп соқтыруы абзал. Сондай-ақ Көкшетау қаласы ең алдымен жылуға мұқтаж екендігін естен шығармау керек, ал ЖЭО құрылысының белсенді фазасы 3-4 жылды қамтиды.

ЖЭО құрылысы бойынша жобаны іске асыру үшін Көкшетау қаласына Ресей, Германия, Ұлыбритания, Израиль, Ливан, Қытай және т.б. мемлекеттерден 20-дан астам делегация келіп кеткендігі туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен қалалық әкімдіктен белгілі болды.

Инвесторлар мәселені шешудің әртүрлі нұсқаларын ұсынған, алайда жобаны қаржыландыру бойынша ешқандай ұсыныстар жасалынбаған, ал бұл - ЖЭО құрылысы мәселесіндегі ең басты сұрақ. Қазіргі таңда «CITIC CONSTRUCTION Co. Ltd» (ҚХР) компаниясынан тиімді және оңтайлы ұсыныс түсіп отыр. Бұл компания «CITIC Group» корпорациясының еншілес кәсіпорны. Компания 2013 жылдан бері Қазақстан Республикасында қызмет жасайды. Ақтау қаласында битум өндірісін іске асыратын зауытты пайдалануға берген. Ол жылына 460 мың тонна қуаты бар «CaspiBitum» ЖШС. Қазіргі таңда компания республикалық маңызы бар Талдықорған – Қалбатау – Өскемен автокөлік жолын қайта жөндеуден өткізу жобасын іске асырып жатыр (287-1073 км). «CITIC CONSTRUCTION Co. Ltd» компаниясы барлық делегациялардың ішінен Көкшетау қаласында болған жалғыз компания. Ол ҚХР Оңтүстік-батыс электр қуаты жобалық институтының қолдауымен Көкшетауда барлау жұмыстарын жүргізіп, ЖЭО құрылысына техникалық тапсырма дайындаған (қоса тіркелген).

Жоспардағы ЖЭО техникалық сипаттамасы бойынша алдыңғы қатарлы экологиялық қауіпсіздік стандарттарына сай болады. ЖЭО-ның құрылысы мен пайдалануға берілу барысында басқарудың барлық үздік әлемдік тәжірибелері ескерілетін болады, сонымен қатар қазіргі таңдағы бизнес-жобаларды цифрландыру мәселесі де қамтылады. Компанияның берген бағасы бойынша, жобаның бастапқы құны 390-410 млн. АҚШ долларын құрайды, бұл алдыңғы соммаларға қарағанда едәуір төмен. Компания  жоба бойынша техникалық-экономикалық негізді актуализациялауға да әзір. Сонымен қатар Көкшетау қаласы әкімдігінің ұсынысы мен тілегін ескере отырып, егер ЖЭО-ның техникалық көрсеткіштері 180МВт-дан 70 МВт-ға өзгеретін болса, жоба құны азаятын болады.

Компания Ақмола облысының әкімдігі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметіне Эксимбанктің жеңілдікпен берілетін несиелік қаражатын немесе Қытайдың басқа да қаржы институттарын (жылдық 2%-бен, жеңілдік мерзімі 5-11 жылға дейін) тартуға көмектеседі.

Бұл жобаны іске асыруда жергілікті коммуналды кәсіпорын, я болмаса «Самрұқ-Энерго» АҚ провайдер немесе оператор ретінде болуы мүмкін.

Сондай-ақ  Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен өткен ҚХР Төрағасы Си  Цзиньпин мырзаның Қазақстандағы іс сапарының нәтижесінде ағымдағы жылдың 8 маусымында Қазақстан-Қытай іскерлік Кеңесінің алаңында «Көкшетау қ. ЖЭО құрылысы» жобасы бойынша Ақмола облысы әкімдігі мен «CITIC CONSTRUCTION Co. Ltd» компаниясы арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою жоспарланған болатын. «CITIC Group» корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Чан Чжэньмин Қазақстан-Қытай іскерлік Кеңесінің тең төрағасы  болып табылады. Бұл аталмыш Жобаны іске асырудың негізгі күштерінің дайындығын растап отыр.

«Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

«Нұр Отан»

фракциясының депутаттары

М. Айсина

К. Мұсырман

«Ақ жол»

фракциясының депутаты

М.Қазбекова

Қазақстан халқы

Ассамблеясы атынан депутат       

Ю. Тимощенко

07.01.2018 жылы жарияланды

Прочитано 50 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.