Пятница, 26 января 2018 13:06

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Құрметті  Бақытжан Әбдірұлы!

Соңғы жылдары Қазақстан өзін туризмі дамып келе жатқан ел ретінде танытып жатыр. Алайда туризмнің негізі мен елге деген қызығушылық оның табиғи ерекшелігімен, қауіпсіздігімен және күнделікті өмірдің әр қадамында деңгейі бейнеленетін мәдениетпен сипатталады. Мәдени құндылықтарымызға дөрекілік танытып жатқан кезде елімізге  туристтерді тарту  туралы айту қиын.

Депутаттар Талғар қалашығы туралы бірнеше рет сұрақ көтерген болатын. Талғар қалашығы Ұлы Жібек жолындағы қазақстандық сегіз ескерткіштердің  бірі болып табылады.

Қалашықтың барлық аумағы Алматы облысы әкімдігінің ресми бекітуі бойынша Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғау аймағында орналасқан. Мәдениет және спорт министрлігі «Ыссық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығын нысанды басқарушы ұйым ретінде бекіткен.   Алайда музей әлемдік деңгейдегі талаптарға жалғыз өзі жауап бере алмайды.  2017 жылғы жағдай бойынша Дүниежүзілік мұра комитеті мен ИКОМОС (8 қаңтар 2016 жылы) сарапшыларының мәлімдемесіне қарағанда қалашық аумағында өзгерістер аз орын алған.

Талғар өзені арқылы өтетін жол мен көпір құрылысының аяқталуы ғана қуантып отыр. Бірақ құрылыс жұмыстары салдарынан өзен арнасының сиқы бұзылған, жағасы шайылып кеткен. Қалашықтың буферлі аймағында үйлер мен басқа да ғимараттардың құрылысы жалғасып жатыр. Дүниежүзілік мәдени мұра сарапшыларының мәлімдеуі бойынша, Қазақстандағы дүниежүзілік мәдени мұра нысандарының басым бөлігі, яғни 30 пайыздан 70 пайызға дейінгі нысандар аумағы мен буферлі аймақтар жеке меншікке өтіп кеткен.  Бұл жерлердің 70 пайызы соңғы бірнеше жылда жекешелендірілген.

Талғар қалашығы аумағында Іле-Алатау ұлттық паркінің қорғау аймағының шекарасын анықтау мүмкін емес, сонымен қатар қалашық бойынша арнайы белгілер да жоқ. Жалпы Талғар қалашығы дүниежүзілік мұра нысаны екендігі туралы ешбір ақпарат жазылмаған. Барлық аумақта қоқыс пен құрылыс қалдықтары шашылып жатыр.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Талғар қалашығын қалпына келтіру жоспары  мен жасалынған жұмыстар бойынша  заңнамалық (жерлердің мәртебесі, су қорғау аймақтарының және дүниежүзілік мұра нысандарындағы алқап мәртебесі) және қаржылық талдаумен бірге  толық есеп ұсынуды сұраймыз. Сондай-ақ Қазақстан аумағында орналасқан сегіз дүниежүзілік мұра нысандарын басқару және дүниежүзілік мұра нысандарын тиімді басқару үшін Қазақстанның бұл саладағы құзыретті мемлекеттік органдарының Қырғызстан мен Қытайдың ұқсас органдарымен жұмысын үйлестіру жоспарын ұсынуды сұраймыз.

Жауапты Қазақстан Республикасының «Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Конституциялық заңының 27 бабына сәйкес, белгіленген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаттары

 Г.А. Баймаханова

Ж.А. Ахметбеков

М.М. Магеррамов

И.В. Смирнова

А.О. Қоңыров

В.Б. Косарев

Т.Ы. Сыздықов

24.01. 2018 ж. жарияланды

Прочитано 6 раз
Другие материалы в этой категории: « ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.