Среда, 31 января 2018 13:32

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Бас прокуроры

Қ.П. Қожамжаровқа

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

Қ.Н. Қасымовқа

Депутаттық сауал

Құрметті Қайрат Пернешұлы!

Құрметті Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы!

Автокөлік жолдарында адамдардың қаза болуымен орын алған оқиғаларға қатысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы пікірлер азаматтардың ашуын туғызып отыр. Сабырға келтіретін сөздер түпкі мәселені жойып, олардың санын азайтпайды.

Ауа райының қолайсыздығы көптеген ішкі тасымал мәселелерін жасырып отыр. ТЖ құрылымы, жергілікті атқарушы органдар жұмыстарының көмегімен адам қазасы орын алған жоқ.

Беделді республикалық комиссияның қорытындысына құрметпен қарай отыра, апатты жазатайым оқиға деп бағалау аргументтері сенімсіздеу. Автобустар бағдарларын кездейсоқ өзгертеді ма, полиция бекеттерін айналып өтеді, автобустың «бірінші» қабатын заттарға толтырады, ал өздері екінші қабатта отырады, жылып тұрған салонда кездейсоқ лампа мен бензин пайда болады, алыс жолға шығар алдында толық тексеруден өткен автобустың қозғалтқышы ұзақ уақытқа істен шығады.

 Салалық министрліктердің адам тасымалымен айналысатын көліктерді тексеру белсенділігі істің ілгерілеуін білдіреді. Жоғарыда айтылған апаттардың барлығы көлік қожайындары мен жүргізушілер сияқты алаяқтардың іс әрекетімен ғана байланысты емес, заңның орындалуына жауапты мемқұрылымдардың жұмысындағы кемшіліктерге тікелей қатысты. Бұл кемшіліктерді жою көптеген мәселенің мән-жайын анықтап, оңтайлы шешілуіне жол ашады.

Миграциялық қызметті де жауапқа тарту керек. Көлеңкедегі құрылымдар біздің елді заңсыз жұмыскерлерді басқа мемлекетке тасымалдаудың «транзитті дәлізіне» айналдырып отыр.  Қарастырылып жатқан жағдай Өзбекстан азаматтарын Ресейге тасымалдаумен байланысты. Ресми тіркеудің болмауы, адам тасымалдау лицензиясының жоқтығы, 30 жылдық автобустың міндетті техникалық тексерістен өтпеуі тікелей заңсыз қызметтің белгілері болып отыр.

 Жүргізушілердің,  әсіресе халықаралық қатынастағы жүргізушілердің денсаулығы мен психикалық жағдайын, білімі мен біліктілігін, тәжірибесін, автокөліктің техникалық жағдайын толыққанды тексерместен, заңсыз түрде рұқсат қағаздарын беру «көлеңкелі» схемалардың болу ықтималдылығы көрсетіп отыр.

Мәселелер тізбегі полицейлер мен көлік инспекциясы қызметімен де тығыз байланысты. Заңсыз құжаттар солардың қатысуымен және қамқорлығымен жасалынатыны да өтірік емес. Бұл тізбек кеден және шекара қызметі жұмысын толыққанды тексеру қажеттігін туғызып отыр.

Логика бұл жұмыс іске асырылатын ұйымдардағы күрделі кадрлық мәселелерге әкеліп отыр. Ол күрделі талдау мен түзетулерді талап етеді.

Біз жолдарда орын алған апаттардың басты себебі шұғыл түрде тексеруді және шара қолдануды талап ететін «адами фактор» деп қарастырамыз. Сондықтан айыптылардың барлық тізімін анықтап, олардың заңнамаға  сай жауапкершілік деңгейін белгілеу қажет. Бұл жұмысты бас прокуратураның ұсыныстарымен бірге жүргізу дұрыс нәтиже береді деп санаймыз.

 Қарастыруыңызды сұраймыз.

Жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен, «Халық коммунистері» фракциясының мүшелері:

Т. Сыздықов

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

31қаңтар 2018 жылы жарияланды

Прочитано 41 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.