Среда, 21 февраля 2018 17:42

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Үкімет және Ұлттық банк 2018 жылға арналған экономикалық саясаттың негізгі бағдарлары туралы мәлімдемені қабылдады. Ол бұрынғы бағытты консервациялауға негізделген, басшылыққа ІЖӨ өсімінің көрсеткіші мен өткен жылдың инфляциясы алынған.

Алайда мұндай тәсіл жаңа экономикалық шынайылыққа, Мемлекет басшысының жаңғыру мен экономиканы диверсификациялауға бағытталған мақсаттарына жауап бермейді.

Қазіргі экономиканың шикізаттық құрылымы жағдайында ІЖӨ-нің номиналды өсімі қарқынды дамудың сәтті көрсеткіші болып табылмайды.  Макроэкономикалық тұрақтылықты шикізат бағасының құлдырауына экономика осалдылығының төмендеуі жағдайында ғана қамтамасыз етуге болады. Сонымен қатар өткен жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық экспортта минералды ресурстардың үлесі өте жоғары көрсеткішке жеткен.

Мұнай серпілісі экономикалық құрылымды қайта өзгертіп жатыр. Қазіргі таңда «табыстың өсімі плюс бағаның өсімі» трендін сақтау негізінде шикізаттың экспорттағы және өндірістегі рөлі шамадан тыс болады.  Ал серпіліс тек қана мұнай саласында ғана байқалып отырған жоқ. 2017 жылы газ өндіру ауқымы 14%-ға, мыс кені 21%-ға, темір кені 9%-ға артқан. Өсім динамикасы бойынша өндіруші сала өңдеуші салаға қарағанда екі есе алға шыққан. Бұл өсімнің әлі де жалғасу мүмкіндігі бар, себебі перспектива бар. Қашағанда мұнай өндіру арта береді, Теңізде де өндірісті ұлғайту бойынша жоба іске қосылмақ. Ал өңдеуші салаларда мұндай драйвер жоқ. Нәтижесінде біздің индустриализация саласындағы барлық жетістіктеріміздің артта қалып қою қаупі бар.

Экспорт және экономикалық өсімнің жақсы көрсеткіштеріне қарамастан, 2017 жылы халықтың шынайы табысы төмендеген.  Инфляцияның ресми деңгейі қазақстандықтардың отбасылық бюджеті үшін өте маңызды болып табылатын тауар мен қызмет бағаларының шынайы өсімін бейнелемейді.

2017 жылы орташа жылдық жалақы 149,6 мың теңгені құраған, бұл 2016 жылғымен салыстырғанда 5,1%-ға артық, ал ресми инфляция 7,1%-ды құраған. Жалақының жылдық өсімі баға өсімінен төмен болып шыққан. Бұл  қазақстандықтар кедейлене түсті дегенді білдіреді: 12 айдың нәтижесі бойынша жалақының шынайы индексі 2016 жылғы деңгейден 97,9%-ды құраған.

Бұл жаңалық емес. 2016 жылғы қорытынды бойынша қазақстандықтардың шынайы жалақысы 0,9%-ға, 2015 жылы 2,4%-ға төмендеген. Халықтың төлем қабілеті 3 жыл қатарынан түсіп келеді.

«Халық коммунистері» фракциясы макроэкономикалық көрсеткіштердің жақсаруымен қатар, экономикалық саясат міндетті түрде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы тиіс деп санайды. Мемлекеттік органдардың әдемі статистикалық мәліметтерден бас алмауы халықтың одан сайын наразылығын тудыртады.  Сондықтан 2018 жылғы экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін қайта қарастыру қажет, оларды халықтың және экономиканың нақты секторының  мәселелерін шешумен ұштастыру керек. Олардың ішінде мыналар бар:

халықтың шынайы табысын арттыру;

орташа жалақыға сәйкес тұрақты табысы жоқ өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандардың үлесін төмендету;

жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тартылмаған халықтың үлесін арттыру;

шикізат емес экспорттың үлесін арттыру және экономиканың шынайы диверсификациясы;

қаржы ұйымдары алдында халықтың борышкерлік мәселесі деңгейін төмендету;

негізгі тауарлар мен қызметтің бағалары мен тарифін тұрақтандыруды қамту;

орталықтандырылған жылу, газбен қамту, сумен қамту, кәріз жүйелеріне қолжетімді халықтың үлесін арттыру;

өзінің жергілікті мекен-жайы аумағында сапалы білімге және медициналық қызметке қолжетімді халықтың үлесін арттыру;

көлеңкелі кәсіпкерліктің ауқымын қысқарту.

Коммунистер мемлекеттік органдардың тиімді жұмысы сыртқы нарыққа тәуелді абсрактілі макроэкономикалық индикатормен емес, көрсеткіштердің мәліметі бойынша бағалануы тиіс деп санайды.

«Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

21.02.2018  жылы жарияланды

Прочитано 15 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.