Среда, 28 февраля 2018 10:00

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің орынбасары

Е.А. Досаевқа

Депутаттық сауал

Құрметті Ерболат Асқарбекұлы!

Кез келген реформалар мен мембағдарламалардың  сәтті түрде іске асырылуы дайындықтың сапасына, ұйымдастырушылардың біліктілігіне және халықтың қолдауы мен ақпараттандырылуына байланысты. Өкінішке орай мұның барлығы берілген мәліметтердегідей болып тұрған жоқ.

Біз бүгін денсаулық сақтау саласындағы реформалар жайында айтпақпыз. Мемлекет басшысы отандық медицинаға халықаралық стандарттарды енгізу мен оның азаматтарға қолжетімділігіне үлкен басымдық беріп  отыр.

Салалық министрліктің бұл бағыттағы алғашқы қадамдары үрей туғызып отыр. Асығыстық, гиперреволюциялық қызметтік құлшыныс, түсіндіру жұмыстары мен нақты ойластырылған схеманың жоқтығы, белгілі бір аурухананың ерекшелігін, қызмет көрсету аумағын есепке алмаушылық көптеген емделушілерге және мемлекеттік ауруханаларға үлкен қиындықтар туғызып отыр. Мұның салдарынан іске асырылатын мемлекеттік бағдарламаларға деген сенімсіздік туындайды.

Мемлекеттік стационарларды қаржыландыру ауқымы 20 пайызға қысқартылған, бұл пациенттер мен медицина қызметкерлерінің басым бөлігінің түсініспеушілігін тудыртты.

Халықты стационарлық көмек көрсетуге мемлекеттік тапсырыс алған жекеменшік ауруханаларда емделе алатындықтары туралы дұрыс хабардар етпеген, бұл координация қызметінің жоқтығын көрсетіп отыр.

Министр мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының түсініктемелері медицина саласынан келген санаулы шенеуніктерге ғана түсінікті.

Басым бөлігін халықтың әлеуметтік жағынан осал тобы құрайтын емделушілерді «2018 жылы ГОБМП аясында медициналық қызмет ұсынушылардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 1,5 есе артқаны» туралы керемет мәлімет қызықтырмайды. Оларға дәл осы мезетте және нақты көмек қажет. Астма, қант диабеті, гипертония және т.б. сияқты екі, я болмаса одан  да көп аурулары бар емделушілер, әсіресе егде жастағы адамдар, инфекциялық ауруға шалдыққандар «ақша емделушіден кейін келеді», «емделу мекемесін таңдау құқығы», «жаңа территориалдық бекіту» сияқты жаңашылдықтарды түсінбейді, сөйтіп олар этикалық ұстаным бойынша  емдеуден бас тартуға құқықтары жоқ үйреншікті стационардан барып көмек іздеуді жалғастыра береді. Осылайша олар «ММСҚ» АҚ бөлімшелерімен ай сайынғы қаржыландыру соммасының аспауы туралы келісімді бұзуға мәжбүр болады. Бұған қатал айыппұл қарастырылған.

Мұның барлығы көрсетіліп жатқан медициналық көмектің сапасы мен деңгейіне азаматтардың қанағаттану деңгейін төмендетеді, стационарлар жұмысына да әсерін тигізеді.

Ал олардың бюджетін  секвестрлеу дәрі-дәрмек, азық-түлік, коммуналды және басқа да шығындар бағасының, жалпы инфляцияның өсіміне байланысты болмайды. Бұған қоса стационарларға емделушілерге кеткен шығындары   өтелмейді. Ақмола облысының өзінде 2017 жылы 400 мыңнан астам стационарлық қызмет көрсетілген, оның шығыны 93 миллион теңгені құраған.  Біздің ойымызша, медицинаны қаржыландырудың мұндай терапиясы халықтың реформаларға деген сенімін нығайтпайды, керісінше мемлекеттік мекемелерді құлдырауға әкеліп соқтыру үшін жасалынып отырған деген сыңайлы әңгіменің таралуына ықпал етеді.

Мынадай әділетті сұрақ туындайды: «салалық министрліктің Хаттамалық шешімімен Парламентпен бекітілген Үкіметтің бюджетті 20 пайызға қысқартуы қаншалықты заңды?».

Құрметті Ерболат Асқарбекұлы! Медицинада новеллаларды бекітудің «хирургиялық» әдістері халыққа қызмет көрсету саласында көптеген мәселелерді туғызып отыр.  Ұйымдастырушылардың ресми жауаптарына қарасақ,  олар туындап отырған жағдайды толыққанды түсініп отырған жоқ. Сондықтан біз Сізге жүгініп отырмыз.

Бұл жағдайдың мән-жайын қарастырып, тиісті шара қолдануыңызды сұраймыз.

Жауапты заңнмада белгіленген мерзім ішінде беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен, «Халық коммунистері» фракциясының мүшелері:                    

Т. Сыздықов

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

28 ақпан 2018 жылы жарияланды

Прочитано 12 раз
Другие материалы в этой категории: « ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.