Среда, 28 февраля 2018 12:56

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

2017 жылы заңды тұлғаларға берілген банктік несиелер 5,8 пайызға қысқарған. Ал жеке тұлғаларды несиелендіру 12,4 пайызға артқан. Компанияларға берілетін займ ауқымы 500 миллиардқа төмендеген, ал халыққа берілетін займ көлемі осындай соммаға өскен. Осылайша жарты триллион теңге көлеміндегі несиелік ресурс заңды тұлғалардан жеке тұлғаларға жылыстаған. Банктер қарапайым халыққа ауыса бастады, себебі олардан қарызды өндіріп алу оңай. Бұл олардың бір мезеттік қызығушылығына жауап береді, алайда осы жағдай ел экономикасына үлкен қауіп төндіреді.

Біріншіден, өндіріс және ұсыныс саласын несиелендірудің орнын тұтыну саласын несиелендіру басады. Бұл баға өсіміне және өндірістің даму мүмкіндігінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Тұтынушылық несиелер отандық тауарларды сатып алу үшін емес, импорттық электрониканы, жиһаздар мен киімдерді тұтыну үшін алынады.

Екіншіден, жеке тұлғаларды несиелендірудің қарқыны шектен тыс жоғары болып табылады. Жалпы әлемдік тәжірибе несиелендірудің дұрыс өсімі халықтың қаржылай табысының және жалпы экономиканың өсіміне сәйкес болу керектігін көрсетіп отыр.

Қазақстанда халықты несиелендірудің 12 пайызға ұлғаюы Ішкі жалпы өнімнің (ВВП) небары 4 пайызға артуы мен азаматтардың шынайы табысының 2,5 пайызға төмендеуі жағдайында орын алды. Бұл өмір сүру деңгейін қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін халық тұтынушылық несиеге жүгінуге мәжбүр дегенді білдіреді, яғни олар несие арқылы өздерінің төмен табыстарын толтырады.

2017 жылдың соңында жеке тұлғаларды несиелендіру бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі 21 пайызға жетті. Банктер тұтынушылық несиелендіруді жоғары табыс табудың көзіне айналдырып алды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұның зардабын қоғамның табысы төмен бөлігі тартады.

Елімізде банктік несиелендіруден басқа онлайн-несиелендіру де қарқынды жүріп жатыр. Онлайн-несиелендіру 350 пайызға өскен. Оны ешкім реттемейді. Бұл займдар бойынша сыйақы өте жоғары, жылдық үстемақы шамамен 700 пайызды құрайды. Бұл  жоғары қауіппен, рәсімдеудің жылдамдығы мен қарапайым талаптармен түсіндіріледі.

Қазіргі таңда біз өте қауіпті жағдайды бақылап отырмыз: банктер, микроқаржылық ұйымдар, ломбардтар мен жартылай заңсыз займдар бойынша онлайн кеңселер қазақстандықтардың төмен табыс деңгейін және қаржылық сауаттылықтарының төмендігін пайдаланып, несиелік өнімдерді сатудың агрессиялық саясатын жүргізеді. Сөйтіп жаңа несиелер ескі несиені жабу үшін алынады да, қазақстандықтар қарыз құлдығына түседі. Қаржылық «фастфуд» нарығының қарқынды өсуі халықтың қаржылық жағдайына кері әсерін тигізіп отыр.

«Халық коммунистері» фракциясы ескі несиені жабу үшін жаңа несие алу арқылы халықты үнемі қарызға батыруға қарсы. Біз бұлай ұзақ жалғаса бермеуі тиіс екеніне сенімдіміз. Борышты қайтару бұқаралық мәселеге әкеліп соқтырып, әлеуметтік шиеленісті ушықтырады және шынайы экономикалық секторға зиянын тигізеді. Осыған орай, уақыт оздырмай несиелендіру нарығында азаматтарымыздың құқығын қорғау бойынша кешенді шара қабылдау қажет деп санаймыз.

«Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

28.02.2018  жылы жарияланды

Прочитано 32 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.