Среда, 07 марта 2018 10:28

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі

М.Е. Әбілқасымоваға

Құрметті Мәдина Ерасылқызы!

Аталған сауал мүгедек балаларды қажетті кресло-арбамен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты. Қолданыстағы арнайы арбаларды беру жүйесі ерекше мұқтаждықтары бар балаларға қажет талаптарға жауап бермейді.

Берілетін ауыр, қолайсыз мүгедектер арбасы мүгедек балалардың ахуалын нашарлатады, омыртқаларының қисаюына, дене терілерінің ойылуына және депресиялық жағдайға әкеліп соқтырады. Мұндай арбалар балаларды алып жүруші адамдарға да қиындықтар туғызады, өйткені ол арбалармен қалада қыдыру, қоғамдық көлікпен жүру, пандустарға көтерілу және ғимарат ішінде қозғалу қиын.

Көп жағдайда адамдар осы арбаларды алуға мәжбүр, бірақ оны пайдаланбайды десе де болады. Сонда, мемлекет адамдарға пайдасы жоқ затқа әжептәуір қаржы қаражатын босқа шығындап жатыр.

Осыған орай, ерекше мұқтаждықтары бар балаларды мүгедектер арбасымен қамтамасыз етудің қолданыстағы жүйесін қайта қарауды, сондай-ақ мемлекеттің көмегіне мұқтаж балаларға арналған мемлекет қаржысын тиімді және мақсатты пайдаға асырылуын ұсынамыз. Қолайсыз арбалардың орнына бөлме ішінде, көшеде және пойыздарда қолдануға қолайлы қазіргі заманғы функционалды пайдалы арба түрлерін сатып алу қажет.

Қабылданған шешім туралы заңмен белгіленген мерзім ішінде жазбаша түрде жауап беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

«Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары

М. Магеррамов

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

В. Косарев

И. Смирнова

Т. Сыздықов

2018ж. 7 наурызда жарияланған

Прочитано 45 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.