Среда, 28 марта 2018 11:40

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

Ж.М. Қасымбекке

Депутаттық сауал

Құрметті Жеңіс Махмудұлы!

Қоғам алаяқтардың арбауына түскен үлескерлерді қолдау бойынша «Нұрлы  жер» бағдарламасына тиісті өзгертулер енгізу, проблемалық тұрғын үй нысандарының құрылысын аяқтау үшін 40 млрд. теңге бөлу сияқты  мемлекеттің нақты қадамдарын ерекше ықыласпен қабылдады. Үкімет   53 нысанның ішінен 39 нақтылап алғандығы туралы да ақпарат бар.

Кез келген істің сәтті аяқталуы іске асырылатын жобаның ашықтығына, қажетті қаржылай шығынның нақты есебіне, қаражатты тиімді игеру мен жұмыс сапасын бақылауға негізделеді.

Қазақта «аузы күйген үрлеп ішеді» деген сөз бар. Бұл бағдарламаға енген тұрғын үй-құрылыс кооператив мүшелерінің өздерінде де жобаға қатысты сан сұрақтар туындап отыр.

Біріншіден, жобаны ұйымдастырушылар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, іске асыру жоспарымен, әсіресе нақты мерзім мен орындаушылар, негізгі қорытындыға жауаптылар туралы ақпаратпен бөліссе үлескерлер мен жарнашылар алғыс айтар еді. Нысандарда техникалық зерттеу және қаржылық аудит жүргізуге қаржы бөлінеді ме?

Екіншіден, бағдарламаға бөлінген қаржы қандай есептеулерге негізделеді және ол барлық жарияланған нысандарға жетеді ме?

Үшіншіден, бұл бағдарламаға проблемалық нысандар қандай талаптар  бойынша іріктеледі және бұл жұмысқа нақты кім жауапты?

Төртіншіден, қаражатты игеру схемасы қандай? Бұл үдеріске қандай құрылымдар қатысады?  Негізгі оператор қандай талаптарға сай болуы тиіс және олардың кәсібилігі мен адалдылықтарының деңгейін кім анықтайды? Бұл үдерісте үлескерлер мен жарнашылардың орны қандай?

Бесіншіден, көмек қандай пайызбен беріледі, оның механизмі, ресурстары, қаражатты қайтару мерзімі? Құрылыс салушылардың жасырын активі болып табылатын көтерме сатып алушылар мен пәтер иелері мәселелері қалай шешіледі?

Жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен, «Халық коммунистері» фракциясының мүшелері:

Т. Сыздықов

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

Прочитано 35 раз
Другие материалы в этой категории: « ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.