Среда, 11 апреля 2018 16:46

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Депутаттық сауал

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Бұл депутаттық сауалға Ақтөбе және Қызылорда облыстары тұрғындарының, гидрогеолог, гидролог, гидротехник мамандарының, тіпті мемлекеттік органдардың Қазақстандағы су ресурстарының жағдайына қатысты алаңдаушылықтары негіз болып отыр.

Әсіресе Ақтөбе облысындағы Көкжиде, Қызылорда облысындағы Мыңбұлақ сияқты теңдесі жоқ жерасты сулары мен тұщы су қоймаларының ластануы өкінішті жағдай. Болашақта көптеген тұрғылықты мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету осы су ресурстарына тәуелді болуы мүмкін. Көп жылдар бойы  «Көкжиде» және « Кеңқияқ» су бөгеттерінде жүргізілген зерттеулердің нәтижесі 2009 жылдан бастап аймақтағы жерасты тұщы суларында мұнай өнімдері мен ауыр металдардың пайда болғандығын көрсеткен. Бұл туралы біз бұған дейін де айтқан болатынбыз, бірақ оған кезекті сырғытпа жауап алдық.

Ал жағдай болса ушығып барады. Мұнайгазды аудан аймағында көмірсутегі шикізатын өндіру мен аймақтағы шаруашылықты игеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл беткі сулар мен жерасты суларының ластануына әкеліп соқтырады. «Көкжиде құмы» құмды массив аумағында 80-нен астам мұнай өндіруші және барлау, сонымен қатар 22 сараптамалық ұңғымалалар  орналасқан, жер қойнауын пайдаланушылар әлі 168 ұңғыма бұрғылауды жоспарлап отыр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 18 қарашасындағы №1212 Қаулысымен «Көкжиде құмы» геологиялық нысан ретінде және «Көкжиде жерасты сулары» гидрологиялық нысан ретінде республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи қорық қоры нысандарының тізіміне енген.

Ауыз судың ең таза қайнар көзі жерасты сулары екенін ескерсек, беткі сулармен байланыс жүйесін құрайтын, су көлемін толтыру мақсатында бір біріне әсер ететін, олардың құрамы мен динамикасының өзгеруі, жерасты суларын сараптау мен геологиялық зерттеуге ерекше назар аударту қажет. Бассейн шаруашылықтарына жерасты суларын тапсыру жерасты суларына жан-жақты геологиялық зерттеу жүргізілгеннен кейін ғана іске асырылуы тиіс. Сонымен қатар олардың сандық және сапалық көрсеткіштерін қалыптастыру жағдайы, жерасты суларының шығатын жерінің ерекшеліктерін және олардың беткі ресурстармен, климаттық циклдармен байланысы сарапталуы қажет.

Қазіргі таңда жерасты және беткі сулар мониторингінің нәтижелері жеткіліксіз, әрекет ететін кез келді.  Біз осы мақсатта:

1) «Көкжиде» кен орнының жерасты суларының қорын қайта бағалау мен  сақталуын қамтамасыз ету бойынша кешенді шара құрастыруды және қабылдауды. Жер қыртысы мен суда зиянды заттар ШҰК (ПДК) нормативтерінен артқан жағдайда жер қойнауын пайдаланушылардың кен орынды өндіріске пайдалану, барлау мен өндіру қызметіне тыйым салуды;

2) Горизонтальды ұңғымаларды пайдалануға тыйым салуды, көлбеу бағыттағы ұңғымаларды жобалауда олардың кен орнының жерасты суларымен өзара әрекеттесуін болдырмауды;

3) «Көкжиде құмы» мемлекеттік табиғи қорық қоры нысандарының жағдайына тұрақты мониторинг жүргізу үшін бірыңғай операторды анықтауды;

4) Қазақстанның жерасты тұщы сулары, әсіресе республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи қорық қоры тізіміне енген сирек кен орындары қорларына қайта бағалау жүргізуді ескеруді. Олардың тізімін кеңейтуді, тізімге Қазақстанның барлық аймақтарындағы сирек нысандарды енгізуді және сол арқылы елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұсынамыз.

«Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27 бабына сәйкес, жауапты белгіленген мерзім ішінде жазбаша түрде  беруіңізді сұраймыз.

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаттары

Г.А. Баймаханова       

Г.А. Щегельский

Ж.А. Ахметбеков       

С.Т. Сейдуманов

М.М.Магеррамов       

Ш.А. Өтемісов  

И.В.Смирнова

А.О.Қоңыров

В.Б.Косарев

Т.Ы.Сыздықов

2018 жылғы 11 сәуірде жарияланды

Прочитано 21 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.