Среда, 02 мая 2018 12:55

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Депутаттық сауал

Құрметті  Бақытжан Әбдірұлы!

Қоғамның көкейкесті сауалдарына жауап беретін Мемлекет басшысының әлеуметтік бастамасын халық жақсы қабылдады. Олар баспана мен қосымша білім гранттарын алу, заманауи инфрақұрылымға қолжеткізу, жеке іс бастау сияқты мүмкіндіктерді кеңейту арқылы әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар әртүрлі алаңдардағы талқылау қазақстандықтардың 43% тұратын ауылды жерлерге ерекше тәсіл керектігін  көрсетіп отыр.

Нақты көрініс тапқан қолжетімді ипотекалық несиелендіру бағдарламасы ең алдымен басқа да тұрғын үй бағдарламалары бойынша қаржыландырылатын ірі қалаларға  бағытталған.

Осыған орай ауылды елді мекендердегі инфрақұрылымды дамыту үшін мөлшерлес қаражатты бөлу немесе қайта бағыттау қажет деп санаймыз. Бұл барлық азаматтардың өмір сүру жағдайын теңестіру үшін қажет және бұл  әлеуметтік мемлекеттің ажырамас құрамдас бөлігі, ауылды жерлерге жастарды тарту мен орнықтырудың бірден бір факторы болып табылады.

Ресми статистика бойынша қазіргі таңда ауылдық аумақтардың тұрғындары тең емес экономикалық жағдайда отыр. Ауылдағы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар тұрғындардың үлесі қалаға қарағанда 4 есе көп. Ауыл шауаршылығындағы орташа жалақы республика бойынша орташа жалақыдан 1,7 есе төмен. Ауыл шаруашылығына өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандардың 42% тиесілі.

Мұндай жағдайда тым болмаса бірдей әлеуметтік және инфрақұрылымдық мүмкіндіктермен қамту маңызды. Сонымен қатар біз қаражатты игеру бойынша сапалы механизмді пысықтамай, өздігінен қаржы бөлу тиімсіз болатынын түсініп отырмыз. Бұған «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру тәжірибесі дәлел. Миллирдтаған қаражатқа қарамастан, көптеген ауылдар әлі күнге дейін орталықтандырылған сумен жабдықталмаған.

Қазіргі таңда аймақтарды дамыту бағдарламасында көмескіленіп қалған ауылдық аумақтарды дамытудың кешенді тәсілдері қажет.

Сондай-ақ бұл саладағы мемлекеттік саясатты іске асыруға толыққанды жауапты болатын, ауыл шаруашылығы мен ауылдық аумақтарға қолдау көрсетуге байланысты барлық функцияларды шоғырландыратын органды анықтау керек.

Бұл орган халықпен тығыз жұмыс жасауы тиіс. Ауылды жердегі өмір сапасын  жақсарту  шаралары ең алдымен тұрғындардың пікірі негізінде жасалынуы қажет.

Біз қала мен ауылдық аумақтардағы өмір жағдайы арасындағы алшақтықты жоюға қазір кіріспесек,  ауыл тұрғындарын деградациялау қайтымсыз болуы мүмкін, ал ол болса әлеуметтік шиеленісті арттыра түседі. Қазақстан ауылдық аумақтарды дамыту деңгейі бойынша ЭЫДҰ елдерінен  артта қалған.

Ел Президентінің әлеуметтік мемлекетке белгілеген бағытын іске асыру үшін Қазақстан Коммунистік Халық партиясы ауылдық аумақтарды басқарудың кешенді саясатын құру, ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыру стандарттарын құрастыру және оған қол жеткізу үшін шара қабылдау қажет деп санайды.

«Халық коммунистері» фракциясының депутаттары:

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

02.05.2018 жылы жарияланды

Прочитано 29 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.