Среда, 23 мая 2018 17:15

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Депутаттық сауал

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Бұл сауалға ұстаздар қауымының депутаттарға жолдаған бұқаралық өтініштері негіз болып отыр.

Қазақстандық қоғамда ұстаз мәртебесіне қатысты мәселе жиі көтеріледі. Сапалы адами капитал қалыптастыруда ұстаздың ерекше рөлін біздің Президент те атап өтіп, білім және ғылым министрлігіне өз шешімдері мен іс-әрекеттерін түсіндіруге ұсыныс жасаған.

 Алайда министрлік ұстаздардың, ата-аналардың, мектептік білім саласындағы сарапшылардың ой-пікірін есепке алмастан, академиялық күнтізбеге қарамастан реформалар жасауды жалғастыруда.

Парламент Мәжілісінің депуттарына 1000 ұстаздың қолы қойылған педагогтардың жолдаған өтініштерінен үзінді оқып беруге рұқсат етіңіздер.

«Құрметті депутаттар!

Соңғы жылдары еліміздің білім жүйесі күрделі өзгерістерді бастан кешуде: 12 жылдық білім беруге көшу, мазмұнды жаңарту, көптілділікті енгізу, сауаттылық пен қорытынды аттестациялау нәтижесін бағалаудың жаңа формасы. Сонымен қатар педагогикалық кадрларды аттестациялаудың жаңа ережелері. Олар осы жылдан бастап енгізілді.

Бірақ енгізілген формалар мен әдістер, талаптар ұстаздарды алаңдатып отыр.

-Біріншіден, санатты растау және арттыру үшін өтініш берген мұғалімдер және жаңа мәртебеге ие болу үшін өтініш білдірген мұғалімдерге тестілеу қатар өткізіледі. Тестілеу көп жағдайда облыс орталықтарында ұйымдастырылады. Бұл - өтініш білдірген мұғалімдердің үлкен легі, жолға және тұруға кететін материалдық шығын. Неліктен бұл шара тұрғылықты мекен бойынша тестілеу пунктерінде ұйымдастырылмаған?

-Екіншіден, тестілеу оқу жылының соңы, көшу және мемлекеттік емтихан өткізу күндеріне жоспарланған. Педагог қалайша бір уақытта емтиханда және тестілеу пунктінде бола алады?

-Үшіншіден, жаңа ереже сай мұғалімдер санаттарын сабақ беріп жүрген пәндері бойынша емес, дипломда көрсетілген мамандық бойынша растауы тиіс. Бірақ, мысалы,  барлық кәсіби қызметінде ағылшын тілінен сабақ беріп жүрген мұғалім, дипломындағы «Ағылшын және неміс тілінің мұғалімі» мамандығына сай неміс тілінен тестті қалай тапсырады?

-Төртіншіден, тесттің ауқымы мен мазмұнының  базасы шексіз. Ұшы-қиыры жоқты қамту мүмкін емес қой.

Енді ұстаздың жұмысы білім алушылардың нәтижелері мен сапалық жетістіктері бойынша емес, ең алдымен оның академиялық білімі бойынша бағаланатындығы алаңдатып отыр. Ұстаз, педагог шенеулік-бюрократиялық және басқарушылық   ережелер мен нұсқаулардың, бұйрықтардың қыспағына алынса, білім саласындағы ешбір реформа оң нәтиже бермейді».

Сізден өтініште айтылған және төмендегі сұрақтарды қарастыруыңызды сұраймыз:

1.Мұғалімдерді аттестациялаудың жаңа формасы неліктен жапатармағай жағдайда енгізіліп жатыр? Аттестациядан өтушілер үшін дайындалуға қажетті уақыт жоқ қой.

2Деңгейлік курстарды өтпеген, жаңа тәсілдермен таныс емес (өз еріктерімен емес) ұстаздарға оқыту әдісі бойынша тестке аз уақыт ішінде қалайша дайындалуға болады?

Оқыту әдістемесі белсенді реформалау кезеңінде жатса, бұған дейінгі стандарттар мен тәсілдер  жоққа шығарылып отырса, тестке қалайша сапалы дайындалуға болады?

3.Неліктен санаттары бар ұстаздар өздерінің біліктіліктерін тестілеу арқылы дәлелдеуі тиіс?

Біз бұл депутаттық сауалды  Премьер-министрге жолдаймыз, себебі ұстаздар ҚР БҒМ шағымданып отыр, құжатты құрастырушылар да солар.

Жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

«Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары                                                       

И. Смирнова

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров 

В. Косарев

М. Магеррамов

Т. Сыздықов

 «Қазақстан халқы ассамблеясының» депутаты                                                                                   

 Н. Жұмаділдаева

 «Нұр Отан» 

фракциясының депутаттары                                                

 А. Бектұрғанов

С. Сәпиев

23.05.2018 ж. жарияланды                                                                   

Прочитано 72 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.