Среда, 30 мая 2018 17:10

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(0 голосов)

                                                                               Қазақстан Республикасының

                                                                               Премьер-министрі

                                                                                          Б.Ә. Сағынтаевқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Біздің фракция бұған дейін де ағзасы мен тінін ауыстырған адамдарды, созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан науқастарды және сусамыр дертіне дауа таппай жүрген жандарды қажетті дәрі-дәрмекпен қамту мәселесін көтерді.

2018 жылға дейін ағза ауыстырған науқастардың барлығы бірдей түпнұсқа дәрі-дәрмекпен қамтылмаған. Оларға дәрінің арзан баламасы ұсынылады. Түпнұсқа дәрі-дәрмек пайдаланып келген адам оның баламасын  тұтынбауы тиіс. Мұны мамандардың өздері мойындайды. Себебі балама дәрі қолданған науқастың аруы асқынуы мүмкін.

Дәріханаларда жоғарыдағы санатқа жататын науқастарға қажетті препараттардың болмауы қалыпты жағдайға айналған.

Сусамыр дертіне шалдыққан адамдардың да жағдайы мәз емес. Өмірлік маңызға ие инсулин және басқа да препараттар қолжетімсіз болып қалды.

Сізден жоғарыда көрсетілген мәселелерді жеке бақылауыңызға алуыңызды және еліміздегі гемодиализ орталықтарын қаржыландыру көлемі қысқаруы мүмкін бе деген сұраққа жауап беруіңізді сұраймыз.

Гемодиализдің бір сеансына жұмсалатын 3 мың теңгенің жарты бөлігін науқастардың өздеріне төлеу міндеті жүктеле ме? Бұлай болған жағдайда бір айда отыз алты мың теңге қажет болады, ал бірінші топтағы мүгедектің жәрдемақысы елу төрт мың теңгені құрайды.

2017 жылғы қарашадан бері қызметі тоқтап тұрған Республикалық трансплантация орталығының тағдыры қалай болады? Бүгінгі таңда ешкім ағза ауыстыруға мұқтаж болып жүрген азаматтарға донор іздеу ісімен айналыспайды. Бұл адам өміріне қатысты өзекті мәселе.

Қойылған сауалға заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

«Халық коммунистері» фракциясының

депутаттары

М. Магеррамов

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

В. Косарев

И. Смирнова

Т. Сыздықов

30.05. 2018 ж. жарияланды

Прочитано 580 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.