Среда, 13 июня 2018 14:35

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

 Қазақстан Республикасының

Премьер -министрі

Б.А.Сағынтаевқа

Депутаттық сауал

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Мұғалім мәртебесі, оның қоғамдағы рөлі Парламентте бірнеше рет талқыланды.

Алайда, шынайы өмірде білім және ғылым министрлігі мен әкімдіктер мұғалімдерге ыңғайлы жұмыс күші ретінде қарайды. Осылайша мектептің құндылығы жоғалады.

2017 жылдан бастап түлектердің жаңа форматтағы қорытынды аттестациясы

- мектеп емтихандары енгізілді. Бұл шара аттестат табыстаумен аяқталады. Мұнымен мектеп пен түлек арасындағы ресми байланыс тәмамдалмайды. Бұрынғы түлектерге қатысты құқықтық құзіреті жоқ мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер оларды ҰБТ өтетін жерге жеткізуге жауапты адам ретінде тағайындалады. Осыған орай біз 2017 жылы сауал ұйымдастырдық. Жауапта, сіз Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы билікпен бірлесіп, мұғалімдерді 2018 жылғы ҰБТ-ның ұйымдастырылуы мен өткізілуіне қатыстырмау мәселесін қарастырып жатқанын айттыңыз. Бірақ бұл мәлімдеме сөз жүзінде қалды. Осыған дейінгі іс қаз-қалпында қайталанып жатыр.

Мектепке, мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге қатысты мұндай ұстаным заңға қайшы. Бұл мұғалімнің беделін төмендетеді. 

Білім және ғылым министрлігі мен әкімдіктерге ҰБТ тапсыру, оған қатысу әр түлектің жеке қалауы әрі құқығы болып табылатынын, ҰБТ-ға қатысуға ешкім мәжбүрлей алмайтынын және қатысуға тыйым сала алмайтынын сондай-ақ ҰБТ қорытындысы арқылы мектептердің атқарған жұмысын бағалау дұрыс емес екенін мойындау керек.

Жалпы, барлығымыз  мұғалімдер еңбек келісімімен бекітілген міндеттерді ғана орындауға тиіс екенін түсінуге тиіспіз.

БҒМ-ның ҰБТ қорытындысы бойынша мектептердің рейтингі анықталмайтыны туралы мәлімдемесіне қарамастан, бұл үдеріс үздіксіз жалғасып келеді.

Әкімдіктер мектептерге ҰБТ-дан жиналуы тиіс балл мөлшері мен түлектердің қатысу пайызын белгілеп береді.

Әкімдіктер мектеп қызметін бұлай бағалау қате екенін, бұл тәсіл кері нәтиже беретінін түсінуі қажет. 

Жоғарыдағыны назарға ала отырып, мектеп мұғалімдерін ҰБТ-ның ұйымдастырылуынан босату керек және мұғалімнің еңбегін өзіне тән емес қызмет түрлеріне пайданалуды тоқтату қажет деп санаймыз.

Бұған қоса әкімдіктердің ҰБТ қорытындысына сүйеніп, мектеп қызметінің рейтингін түзу тәжірибесін қолданыстан шығару керек

Заңда көрсетілген мерзімде жазбаша түрде жауап беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

 «Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары                                                              

И. Смирнова                                                                                                              

Ж. Ахметбеков                               

Г. Баймаханова

А. Қоңыров 

В. Косарев

М. Магеррамов

Т. Сыздықов

13.06.2018 ж. жарияланды                                                                   

Прочитано 39 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал Сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.