Среда, 13 июня 2018 14:43

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

Премьер-министрдің орынбасары,

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

Ө.Е. Шөкеев мырзаға

Депутаттық сауал

Құрметті Өмірзақ Естайұлы!

Мемлекет басшысының агроөнеркәсіптік кешенді экономиканы дамытудың  драйверлерінің біріне айналдырып, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту туралы міндеті жүйесіз және тиімсіз жүзеге асырылып жатқаны қоғамның алаңдаушылығын туғызып отыр.

 Мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы дәстүр сабақтастығы сала басшысы ауысса кілт үзіледі. Салдарынан ауылдағылар екіұдай күй кешіп, реформалар мен қабылданған құжаттарға сенуден қалады.

Үкімет сағатында «Қазақстан Республикасының  агроөнеркәсіптік  кешенін дамытудың  2017-2021 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламасына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланғанда халықтың көкейінде көп сұрақ болды.  Осыған орай Парламентте аталмыш заң жобасымен жұмыс істеу мерзімі ұзартылды.

Тұтастай алғанда заң жобасына енгізуге ұсынылған өзгерістер мен толықтырулармен келісе отырып, біз бірнеше сұраққа жауап алғымыз және осыған қатысты өз ойымызбен бөліскіміз келеді.

Біріншіден, өндірісті сұранысқа қайта бағдарлау талқы таразысын  талап етеді. Бұл тезис даусыз емес. Отандық өнімдерге  сұраныстың жоқтығы өзіміздің өндірістегі ауқым, сапа және баға бойынша күрделі мәселелерді айқындап тұр. 

Мал және өсімдік өнімдерінің, дайын азық-түлік тауарларының импорттық үлесі экспорттан 2 есе көп. Бұл жағдайды біз өзіміз туындатып отырмыз. Себебі нарықты импортқа беріп қойдық, сондықтан халық шетел өнімдердің өндірісіне белсенді түрде инвестиция салуға мәжбүр. Сонымен қатар бас қаланы азық-түлікпен қамтып отырған солтүстік облыстар картоп пен жеміс көлемін қысқартып отыр. 

Отандық жеміс-жидекке деген сұраныс мәселесі таныстырылымда көтерілді. Мұның бағбаншылықты дамыту мәселелесіне тікелей қатысы бар. Бұған жыл сайынғы 65 мың тонна алманың импорты мысал бола алады. 

Біздің ойымызша, ішкі нарықта отандық өнімге деген сұранысты арттыру, халықты экологиялық таза және баға жағынан тиімді өніммен қамту өз өндірісімізді дамытудың сондай-ақ импортты алмастыру бойынша белсенді жұмыстың  басты себебі болуға тиіс.

Екіншіден, жобада ұсынылған «зәкірлік» кооперацияның барлық тәуекелдерін есептеу қажеттілігі туындайды. Бұл ауылдағылардың күмәнін сейілту үшін қажет бастама. Осы арқылы адамдарды жоба агроөнеркәсіптік кешендегі ірі бизнеске ғана дем береді деген  түсініктен арылтуға болады.

Жаңа қожайындар ауылдағыларды «зәкірлендіріп» жібермей ме, монополистік түсінікке салып, бас пайдалары үшін шаруа қожалықтарының ұпайын жемей ме? Кооперацияның осы түрі Мемлекет басшысының шағын және орта бизнестің үлесін жүйелі түрде ұлғайту қажет деген тапсырмасына қайшы келмей ме?

Үшіншіден, біздіңше,  шет мемлекеттен мал әкеліп, 100 бас малы бар фермерлер қожалығын құру, шығыны көп бастама. Мұны реформаның алдағы кезеңдерінің біріне ерікті түрде енгізуге болады.

Төртіншіден, кооперация  мен халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесінде саяжай кооперативі туралы заң қабылдау орынды болар еді.

Бесіншіден, агроөнеркәсіптік  кешенді жаңғырту аясында жастарды ауылға қайтаруға басымдық беріп, ауылға қатысты мамандықтардың мәртебесін арттыру қажет. Бұл жұмысты қолдарына дипломдары тие салысымен базарларда арба итеріп жүрген немесе сауда дүңгіршектерінде тұрған салалық колледждер мен институттардың түлектерінен бастауға болады. Ауылда қалған кәрі адамдардан жасақталған кооперация қызметі күмән туғызады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің  және басқа да мүдделі мекемелердің қызметкерлерін тәжірибе жинақтау үшін  ауылдық жерлерге жіберіп, реформаның нақты механизмдерін тапқандарға мансаптық өсу жолын қарастырса пайдалы болар еді.

Мәселені қарастыруыңызды және заңда көрсетілген мерзімде жауап беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

«Халық коммунистері» фракциясының депутаттары:

Т. Сыздықов

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

13.06. 2018 ж. жарияланды          

Прочитано 67 раз
Другие материалы в этой категории: « ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.