Четверг, 27 сентября 2018 11:05

Депутаттық сауал Избранное

Оцените материал
(1 Голосовать)

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Депутаттық сауал

Құрметті  Бақытжан Әбдірұлы!

Қазіргі күні Қазақстанның еңбек саласында мемлекет тарапынан  жүйелі әрекетті және жаңа реттеу тәсілдерін талап ететін күрделі өзгерістер қалыптасып жатыр.

Біріншіден, өзін-өзі жұмыспен қамтушы халық жалдамалы жұмыскерлердің санатына айтқысыз жылдам өтуі байқалып отыр. 2011 жылдан бері өзін-өзі жұмыспен қамтушылар саны 600 мың адамға қысқарған. Ал жалдамалы жұмыскерлердің саны 1 миллион 100 мыңға артқан.

Жалпы алғанда бұл позитивті үрдіс, алайда мұндай жылдам қарқын өзін-өзі жұмыспен қамтушылар шынымен де сапалы әрі тұрақты жұмыс орнына қол жеткізгендігіне күмән тудыртады. Салалық талдау көрсетіп отырғандай, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар санының азаюы негізінен ауыл шаруашылығы

саласында байқалып отыр. Бұл секторда еңбек етушілердің саны 2011 жылдан бері бір миллионнан астам адамға азайған.

Статистика білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы жұмыспен қамтылудың ең жоғарғы көрсеткішін көрсетіп тұрса, бұл адамдардың барлығы қай жерге жұмысқа орналасқандығы түсініксіз болып тұр. Әлде олар аграрлық сектордан ұстаздық пен дәрігерлікке ауысты немесе статиска шынайы картинаны көрсетіп тұрған жоқ.

Екіншіден, жалға алынған еңбек деп аталатын мәселе де өзекті болып тұр. Қазақстанда оның аутсорсинг және аутстаффинг деген формалары кеңінен қолданылып келеді. 

Әлемде уақытша қызметкерлер жинақтау немесе қызметтің жарты бөлігін сырттағы мердігерлерге тапсыру тәжірибесі қалыптасқан. Бұл кәсіпкерлікке қаражат үнемдеуге және көп жұмыс орнын ұсынуға мүмкіндік береді.

Алайда біз байқап отырғанымыздай, Қазақстанда көп жағдайда аутсорсинг пен аутстаффинг тұрақты қызметкерлердің белгілі бір бөлігін штаттан тыс шығару механизмі ретінде қолданылады.

Нәтижесінде жұмысшылардың басқа да еңбек ұжымы сияқты атқаратын қызметі бір, ал шарттары басқа болады, яғни кәсіпорын ішінде жұмысшыларды бөлу орын алады. 

Жағдайды еңбек заңнамасы реттей алмайды, себебі олар азаматтық-құқықтық келісімдер бойынша агенттіктер арқылы жалданады.

Біз еңбек нарығының жұмыс беруші қызметті сатып алушыға айналып отырғандағы трасформациясын байқап отырмыз. Бұған қоса ол бұл қызметті делдал арқылы алады, яғни жұмысшы формальды түрде онымен тікелей қарым-қатынасқа түспейді. Бұл жағдайда еңбек жағдайы мен әлеуметтік кепілдіктер сияқты түсініктер жойыла бастайды. Әдеттегідей үнемделген қаражат басқа жұмысшылардың еңбек ақы қорын молайтуға жіберілмейді.

«Халық коммунистері» фракциясы еңбек адамына деген қарым-қатынастың бұлайша өзгеруін қорқынышты деп санайды және жанданбалы еңбекті әлеуметтік кепілдіктер мен еңбек жағдайын жақсартудан жасанды түрде бас тарту құралы ретінде пайдалануға жол бермеу қажет деп санайды.

 Осыған орай мынадай мәлімет беруіңізді сұраймыз:

1.2011 жылдан бері 600 мың өзін-өзі жұмыспен қамтушылар қай салаға тұрақты жұмыс орнына орналастырылды?

2.Қазақстанда жалдамалы еңбек схемасы бойынша қанша жұмысшы жұмыспен қамтылған? Олардың қаншасы ауыр, зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайында жұмыс жасайды?

3.Аутсорсинг және аутстаффинг схемасы бойынша тартылатын жұмысшылардың  құқығын қорғаудың құқықтық реттеу тиімділігіне талдау жасалынды ма?

«Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары:                                            

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

26.09.2018 жылы жарияланды

Прочитано 94 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.