Четверг, 06 декабря 2018 12:03

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті  Бақытжан Әбдірұлы!

Біз бұл депутаттық сауал арқылы Үкімет назарын мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың мәселелеріне аудартқымыз келіп отыр.

Мүгедектер арбасымен жүретін мүгедек балалардың ата-аналары көліктерін арнайы мүгедек адамдарға арналған тұрақтарға қоюға құқылы ма? Мүгедек балалардың қамқоршыларына зейнеткерлікке ерте шығу жеңілдігі қарастырылмаған. Мүгедек балалары бар жұмыс істейтін ата-аналардың баланың емі мен оңалту шараларына байланысты кезектен тыс демалыс алуға мүмкіндігі жоқ. Мүгедек бала күтіміне байланысты қысқа жұмыс уақыты   мен  қоғамдық көлікте жүру жеңілдіктері де қарастырылмаған.  Мүгедектігі бар балалардың ата-аналарында орта-кәсіби және жоғары оқу орындарында жеңілдікпен түсу мүмкіндіктері жоқ.

Осыған орай мүгедек балалардың қамқоршыларына әлеуметтік мәртебе тағайындау мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз.

Сонымен қатар қамқорлықты алу тәртібі мен даму ерекшеліктері бар (Даун синдромы, аутизм) балалардың кәмелетке толғаннан кейін әрекет қабілеттілігін анықтау туралы шешімді, сондай-ақ  Даун синдромы бар балалардың мүгедектік тобын анықтау бойынша тәртіп пен ережелерді қайта қарастыруды сұраймыз. Көп жағдайда балаларға олардың жағдайына сай келмейтін топ беріледі, сондықтан ата-аналар көзге көрініп тұрған нәрсені дәлелдеуге мәжбүр болады.

Қамқорлық құжаттарын рәсімдеуге 7-9 ай уақыт кетеді, осы уақыт бойы олар жәрдемақы алмайды. Бұған қоса Даун синдромы мен аутизм мүгедектігі бар кәмелетке толған балаларға бір ай бойы жындыханада жатуға тура келеді.

Сондай-ақ, қамқоршыларда банктік карта ұстау мүмкіндігі жоқ, жәрдемақы жеке есеп шотқа аударылады, оны алу үшін қамқоршы банкке келіп, кезек күтіп алуы тиіс.

Ай сайын қамқоршы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау басқарма жетекшісінің атына есеп шоттан белгілі бір сомманы  алу үшін   өтініш жазуы керек. Ол өтініште алынған ақша қайда жұмсалатындығы толыққанды көрсетілуі тиіс.

Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты мен оның тиімділігінің басты критерийі халықтың өмір деңгейін арттыру болып табылады. Алайда бұл санаттағы азаматтарымыз өмір сапасын арттыру бойынша Үкімет тарапынан тиісті қолдауға ие болмай отырған сияқты.

Мәселенің маңыздылығын ескере отырып, мүгедек балалардың қамқоршыларына мемлекеттік қолдаудың тәртібін түбегелі өзгерту қажет.

Депутаттық сауалға жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

«Халық коммунистері» депутаттық фракциясының мүшелері

М. Магеррамов

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

В. Косарев

И. Смирнова

Т. Сыздықов

05.12.18 ж. жарияланды

Прочитано 15 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.