Четверг, 06 декабря 2018 12:07

Депутаттық сауал Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Депутаттық сауал

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құс шаруашылығы өтпелі кезеңнің көптеген қиындықтарын еңсеріп, республикадағы ауыл шаруашылығы өндірісінің флагманына айналған жедел жобалардың бірі болды. Оның елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қосқан үлесі, халықты базалық, әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтуы жоғары бағаға лайықты. Сала өнімі халықаралық нарыққа шығып отыр. Бұл инвестиция тарту мен сала кәсіпорындарына қаржылық қолдау көрсетудің сауатты мемлекеттік саясаттының нәтижесі. 

Өкінішке орай соңғы кездері құс шаруашылығы түсініксіз себептерге байланысты жүйелі мемлекеттік қолдаусыз қалды. Бұл даму қарқынын тежеп, отандық өндірушілердің сыртқы және ішкі нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін бәсеңдетеді, саланы дамыту бағдарламасын іске асыру барысында кедергілер туғызады.

Жыл аяқталып келеді, ал Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Атырау және басқа да облыстардың құс фабрикалары субсидия алып отырған жоқ немесе жеткіліксіз алады. Бұл экономикалық және әлеуметтік сипаттағы қиын жағдайды қалыптастырып отыр. Бұл әсіресе ірі құс еті мен жұмыртқа өндірушілерніе қатысты.  Мысалы, Алматы облысында құс фабрикаларын субсидиялау мәселесі әлі сақталып тұр, фабрика өндірістің жалпы ауқымының шамамен 44% құс етін өндіреді. Қарағанды облысы мен өзге аймақтарда да осындай жағдай.

Премьер-Министрдің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрінің осы жылдың 15 маусым айындағы бұйрығына қарамастан, «Алмалы құс» Атырау құс фабрикасы 303,5 миллион теңге көлеміндегі инвестсубсидиясыз қалды.

Мұның салдарынан өндіріс қуатын арттыру бағдарламасын іске асыруда қиындықтар туындады.  Бір жылда жұмыртқа өндірісін 100 миллион данаға, ет ауқымын 210 тоннаға жеткізу қарқыны бәсеңдеді. Екінші жарты жылдықта жұмыртқаны арзандатуға субсидиялау тоқталған (айына 17 млн.-нан 26 млн. теңгеге дейін). Кәсіпорынның «Атырау» ӘКК ҰК, шетелдік құрал-жабдық жеткізушілер, жергілікті жем жеткізушілер алдындағы қарызы шамамен 250 млн. теңгені құрайды. Бұған қоса қыс мезгіліне  қорсыз қалу қаупі бар, бұл кәсіпорынды банкротқа ұшыратуы мүмкін.

Ішкі нарықта өнімі жоғары бағаға ие болған «Өскемен құс фабрикасы» АҚ бойынша 2018 жылы субсидия бойынша өтінішті қанағаттандыру пайызы небәрі 2,2 пайызды құраған. Алынбаған сомма 1,8 млрд. теңгені құрайды.

Ал кейбір аймақтарда өтініштерді қанағаттандыру пайызы 95-100%-ды құрайды. Бұл субсидиялаудың пропорционалды бөлінбейтіндігін көрсетіп тұр. Осыдан барып әділетсіз бәсекелестік туындайды. Субсидияны толық көлемде алмау Құс шаруашылығы саласын дамытудың ұлттық бағдарламасы аясында алға қойылған мақсаттарды сәтті түрде іске асыру мүмкіндіктерін шектейді.

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! Біз заң және нормативті-құқықтық актілерде қарастырылған құс шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдауды төмендету   жалпы АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға кері әсерін тигізеді деп санаймыз. Бұл Мемлекет басшысының талаптарына қарама-қайшы.

Қаржыландыруды дәл биылғы жылы азайтпас бұрын министрлік пен ведомство, жергілікті билік ДСҰ талаптарына сай саланы әрі қарай қолдау 2021 жылдан бастап 2018 жылдың секвестрлік қаржыландыру деңгейінде ғана сақталатындығын ескерулері тиіс еді.

Бұл жағдай ішкі өндірістің интенсивті даму мен өнім экспорты, отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі мүмкіндігін төмендетіп,  арзан импорт үшін жол ашып отыр.

Көптеген тауар өндірушілер құс шаруашылығына деген мұндай қарым-қатынас қаржыландыру Ауыл шаруашылығы министрлігінен жергілікті атқарушы органдарға берілгеннен кейін пайда болған деп санайды.

Жергілікті атқарушы органдар мақсатты қаражаттарды өздерінің қарауы  бойынша үлестіреді, көп жағдайда жеке бюджеттерін жабады.

Сізден құс шаруашылығы мәселесі мен белгіленген жеке факторларды  қарастыруыңызды сұраймыз. Жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен, «Халық коммунистері» фракциясының мүшелері:

Т. Сыздықов

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова 

5 желтоқсан 2018 жылы жарияланды

Прочитано 15 раз
Другие материалы в этой категории: « ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.