Понедельник, 24 декабря 2018 15:45

Депутаттық сауал Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

2014 жылдың желтоқсан айында «Қазақстан – Түркменстан – Иран» темір жол бағдары іске қосылды. Ол қазақстандық тауарларға Парсы шығанағының кемежайларына тікелей жол ашып, транзит табысын түрлендіреді деп күтілген болатын. Үкіметтің болжамы бойынша, бұл жолдағы жүк тасымалының ауқымы 2022 жылы жобалық қуаты жылына 15 миллион тоннаға жетуі тиіс.

Біздің есептеулер бойынша, ағымдағы жылдың соңғы 10 айында Қазақстан –Түркменстан – Иран бағыты («Болашақ» шекара өтпе жолы) бойынша тасымалданған жүк ауқымы миллион тоннаны құраған. Ал транзит 200 мың тоннаға да жетпеді. Мәліметтерге сүйенсек, халықаралық көлік дәлізі ретінде бұл бағдар  қызмет жасамайды. Бұл бағдар бизнес тарапынан сұранысқа ие емес, болашағы бұлыңғыр.

Келесі жылы «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық автокөлік дәлізінің қазақстандық бөлігінің  құрылыс жұмысы аяқталады.  Бұл трасса аймақтар арасындағы тасымалды жақсартуы арқылы да біздің республика үшін маңызды болып тұр. Алайда транзитті бағдар ретінде магистраль ресейлік бөлік іске қосылған кезде ғана жұмыс істей алады. Ақпаратқа сүйенсек, ресейлік бөліктің жұмысы 5 жылдан кейін ғана аяқталады.

Әрине бұл жүк транзиті табысының ауқымына әсерін тигізеді. Сонымен қатар жоба іске асырылғанға дейін жолды бабында ұстау керек.

Мемлекет басшысы «Солтүстік - Оңтүстік» және «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» бағдарын іске қосу экономиканың диверсификациясы тұрғысынан Қазақстан үшін аса маңызды екендігін үнемі атап өтеді. Халықаралық бағдарларды пайдалануды кешеулету жүк жіберушілердің басқа бағдарларға ауысып кету қауіпін тудыртады. Бұл салада халықаралық бәсеке жоғары, барлығы транзитті жүк ағынын өздеріне қаратып алуға тырысады. Бұл жобаларға салынған инвестицияны өтеп алу мәселесі де бар. Ол бюджетке салмақ салмауы тиіс. Жоба құрылысына заемдық қаражат салынды, одан қалды ол шетелдік валютада берілген, теңге бағамының төмендеуі жағдайында оның қарыздық жүктемесі артып отырады.

Осыған орай, «Халық коммунистері» фракциясы Үкімет назарын қазақстандық экономика үшін төніп тұрған қауіпке аударып, мынадай ақпарат ұсынуды сұрайды:

  1. «Қазақстан – Түркменстан – Иран» темір жол дәлізі мен «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автокөлік дәлізі транзитті бағдар ретінде қашан толыққанды іске қосылады?
  2. Қазіргі таңда аталған инфрақұрылымдық нысандардың қазақстандық бөлігі кіммен және қандай көлемде қаржыландырылады?
  3. Аталған нысандардың құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстары заемдарына кім және қандай көлемде қызмет көрсетеді, ұлттық валюта бағамы төмендегеннен кейін бұл сомма қаншаға артты?
  4. Аталмыш жобалардың жоспарлы табыстылық көрсеткіші қандай және бұл көрсеткіштерден ауытқушылық деңгейі қандай?

«Халық коммунистері» фракциясының мүшелері:

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

19.12.2018 жылы жарияланды

Прочитано 116 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.