Бейсенбі, 24 Қаңтар 2019 13:26

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Соңғы кездері ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев халықтың, әсіресе ауыл тұрғындарының мүддесіне қарай билік органдарын нарық қарым-қатынастарын жетілдіруге бағыттап отыр.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ауылды жерлерде 7,5 млн адам тұрады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында ауыл тұрғындарының бірең-сараны ғана жұмыс істейді. Нақты жұмыспен жылына 3-4 ай ғана қамтылады, орташа айлық жалақылары 50 мың теңгені құрайды.

Ауыл тұрғындарының басым бөлігі жеке шарушылықтары арқылы күн көреді. Олар елге 75% сүт пен 69% ет береді. Ауылда өмір сүру оңай емес. Тұрғындардың жерлері жоқ, жем-шөп қымбат, сүт, ет пен көкөніс қабылдау пунктері жеткіліксіз, бұл ауыл тұрғындары үшін қиын жағдай туғызады. Жеке шаруашылықтың табысы төмен, себебі негізгі табыс алыпсатарларға тиесілі.

Тұрғындарды жерден айыру үрдісі жүріп жатыр. Астық компаниялары үлескерлердің келісімінсіз жерді банкке қойып, кейін оларды басқа меншік иелері атынан сатып алып, тұрғындарды пайдалану құқығынан айырып жатыр. Сонымен қатар астық компанияларының басым бөлігі ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымына араласпау үшін, механизаторларды басқа республикалардан әкеледі.

Астық компаниялары, яғни шамамен жүз шақты компания бидайдан 2,2 трлн теңге табыс көріп отырған жағдайда 1,7 миллион үй шаруашылықтары мен мал шаруашылығы фермаларының табысы 1,8 трлн теңгені құрайды. Соңғылары мембюджеттен субсидия ала отыра, банктік займдарсыз дами алмайды.

Қазіргі нарықтық ұстанымдар барлық ғылыми жетістіктерді, салааралық байланыс жүйесін бұзды.

«Халық коммунистері» фракциясы жер азық-түлік өнімдерін өндіруге және адамдардың әл-ауқатын арттыруға қызмет жасауы тиіс деп санайды. Елде мынадай абсурдты жағдай қалыптасқан, мал шаруашылығы егіншіліктен ажыратылған, ал бұл табиғат заңдылықтарына қайшы келеді. Нарық заңдылығы бойынша диқаншылар қолайлы жерлерді алып алған, ал мал шаруашылығы мал санын сақтап, өнім алып, оны сату үшін амалдап жүр.

Жеке секторда мал басының өспей жатқандығына 25 жыл болды, ал өнімділік туралы айтудың қажеті да жоқ. Ет, сүт, жұмыртқа бағасы шарықтап тұр. Ет пен сүт өндіру технологиясы байырғы деңгейде.

Билік органдары ауыл шаруашылығы кооперациясы мен жайылымдар  туралы заңдарды елемейді. Тарихтан егіншіліктен түскен пайда фермалардың дамуына жұмсалғандығы туралы бірнеше мысал келтіруге болады.  Мұндай шаруашылықтар қазіргі кезде де жұмыс жасайды, оларда ауыл шаруашылығының барлық түрлері бір қолда, олар ешбір несие, займдарсыз бірдей жағдайда тұрақты дамып келеді. Бірақ мұндай шаруашылықтар өте аз.

Біздің Фракция  егін шаруашылығы сала дамуының негізі болса, мал шаруашылығын көтеруге болады деп санайды. Осылайша біз ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, елді азық-түлік өнімдерімен қамтуды жақсартамыз. Қалыптасқан жағдайды өзгерту мүмкіндігі бар – кооперациялау, ғылыми-техникалық және технологиялық жаңғыру. Бірақ мұның барлығы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар қызығушылық танытқан кезде ғана іске асырылады.

Мәселені қарастырып, жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша түрде беруіңізді сұраймыз.

«Халық коммунистері»

фракциясының мүшелері:

В. Косарев         

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

«Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі

Ж. Дүйсебаев

23.01.2019 жылы жарияланды

Прочитано 218 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.