Среда, 13 марта 2019 17:38

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

А.Ұ. Маминге

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Энергетика министрлігінің бастамасымен 2018 жылдың тамыз айында жазғы дизель отыны бағасы қайта реттелді. Әлеуметтік маңызы бар отын түрінің құны еркін айналымға жіберілді. Үкіметтің мұндай қадамға баруының негізгі себебі, көрші мемлекеттермен салыстырғандағы баға айырмашылығы болды. Көрші елдерде оның құны Қазақстанға қарағанда 25-40%-ға артық, бұл ЕАЭО елдеріне дизель отынының шығарылуына әкеліп соғады.

Ресми мәлімет бойынша, 2018 жылы елімізде үш мұнай өңдеуші зауыт  жаңартылып, қазіргі таңда Қазақстан өз өзін К4, К5 санаттағы мұнай өнімдерімен  толыққанды қамтып отыр. 

2018 жылғы ішкі нарықтың қамтамасыз етілуі: бензиннің барлық маркалары бойынша 93,2%-ды, дизель отыны бойынша 91,1%-ды, авиакеросин бойынша 62%-ды құрайды.

Ресейден тасымалданатын мұнай өнімдерінің ауқымы да едәуір азайтылған. Энергетика министрлігінің өкілі дизель отынының импорты 40 мың тоннаға, ал авиациялық керосин 0-ге дейін төмендегенін мәлімдеген болатын. Сөзсіз, моторлы отын нарығын отандық өніммен қамту бойынша үлкен жұмыс атқарылды. 

«Халық коммунистері» фракциясы отын өндірісінің артуы мен ішкі нарықты қорғаудың әртүрлі шаралары нәтижесінде 2018 жылы АИ95/96 мен Аи92 бензинінің бағасы 5%-ға қысқартылса, жазғы дизель отынының бағасы 21,9%-ға, ал қысқы дизель 26,2%-ға артқандығын мәлімдейді. Жүк пен жолаушыларды тасымалдау дизель отынды көлікпен іске асырылады. Бұл қызмет бағасының артуына әкеліп соқтырады. 2018 жылы көліктің барлық түрлерімен тасымалдаудың тарифі бірден 31,8%-ға артқан.

 «Халық коммунистері» фракциясы дизель отыны құнының қазақстандықтар мен шынайы экономика секторына тигізіп отырған кері әсерін ескере отырып, «дизель» бағасының төмендеуіне тұтынушылардың бұдан да кең ауқымы мұқтаж деп санайды. Сондықтан Үкіметке акциз ауқымын азайтып, дизель отынының шетелге шығарылуына тыйым салуды енгізуді ұсынады.

Жауапты заңмен белгіленген мерзімде жазбалы түрде беруіңізді сұраймыз.

«Халық коммунистері»

 фракциясының депутаттары:

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

13 наурыз  2019 жылы жарияланды

Прочитано 9 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.