Бейсенбі, 27 Маусым 2019 16:16

Депутаттық сауал Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

А.Ұ.Маминге

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен қоғам өкілдерін Үкіметтің "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы" және  "Жайылымдық жерлер туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуына қатысты әрекетсіздіктері алаңдатып отыр. Бірінші заң 2015 жылдың 29 қазанында, ал екінші заң 2017 жылдың 20 ақпанында қабылданды.

Көрсетілген екі заң тиісінше орындалған жағдайда ауылдық үй шаруашылықтардың өнімділігін көбейтіп, елді мекендердегі отбасылардың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізуге болар еді.

 Осы күнге дейін бірде бір аймақта ауылдық қауымдастықтарға бірде бір жайылым мен шабындық берілмеген. Ал ауылдық үй шаруашылықтар ішкі нарыққа келетін сүттің 74,5%, еттің 56% өндіреді. Үй шаруашылықтарының қолданысына жер ресурсының 0,14% ғана тиесілі.  Жеке үй шаруашылықтары астық компанияларынан шөпті  тоннасын 25 мың теңгеге сатып алады, ал оның шынайы бағасы 4 мың теңгені ғана құрайды.

Мал жем халыққа өз бағасынан 3-4 есе қымбатқа беріледі. Жем-шөптің аздығынан ауыл тұрғындарының мал басы 1993 жылдан бері өспей жатыр, ал бұл жылдарда ел бойынша сүт өндірісі 40 мың тоннаға немесе 7,9%-ға артқан.

 Сүт өнімдерінің бағасы 400 теңгеге жеткен (1 литр өнім үшін), ал ауылдағы шаруаларға 60-65 теңге ғана тиеді. Бұл бөлшек сауда бағасының 15-16% құрайды. Бұл тауар өндірушілерге деген құрметсіздік, олар сатылымнан түскен қаражаттың жартысынан артығына ие болулары тиіс. Сонда ғана өнім өндіру ауқымы кеңейе түседі.

Жайылым мен шабындық жерлердің басым бөлігі астық компанияларының иелігінде, ал шамамен 10 миллион гектар егістік жерлер бос жатыр. Бұл жерлерді "Жайылымдық жерлер туралы " заңда көрсетілгендей малдары бар адамдарға беру қажет. 

Бұған қоса шамамен 2,5 миллион гектар егістік банктерде кепілдікте тұр. Бұл жерлер көп жылдар бойы өңделмеген. Бірде бір борышкер жауапкершілікке тартылмаған, бар ауыртпалық жайылымдықтардан айырылған ауыл тұрғындарына түсіп отыр. Бұл жағдай банктердің өз қызығушылықтары бар екенін дәлелдеп отыр.

 Үкімет ауыл шаруашылығындағы жағдайды жоғары бағалайды, алайда ауыл өмірінің мән-жайын етене түсіне бермейді. Ауыл тұрғындарында жұмыс жоқ, өндіріп отырған өнімдері арзан бағаға кетіп жатыр, ал жем-шөп, отынды қымбат бағаға сатып алады. Үй шаруашылықтарындағы еңбек жүйеленбеген, байырғы деңгейде қалып тұр. Осындай жағдайда шамамен 1,7 миллион отбасы өмір сүріп жатыр, бұл дегеніміз біздің азаматтарымыздың кем дегенде 5 миллион азаматы.

 Бұл жағдайдан шығу үшін шабындық пен жайылымдарды ауыл қауымдастықтарына, ауыл шаруашылығы кооперативтері ұйымдарына беру қажет. Сізден депутаттық сауалды қарастырып, жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

Депутаттар:                                                                          

В. Косарев

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

Ж. Дүйсебаев

Қ. Жақыпов

Қ. Жабағиев

С. Звольский

А. Қожахметов

А. Қоңыров

М. Магеррамов

А. Мурадов

Ш. Нұрымов

В. Олейник

А. Платонов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

А. Тасболатов

Ю. Тимощенко

26.06.2019 ж. жарияланды

Прочитано 96 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.