Четверг, 24 января 2019 11:58

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің Төрағасы

Ақышевке Д.Т.

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Данияр Талғатұлы!

Экономиканың қарышты дамуын қамтамасыз ету үшін Ұлттық банк 2019 жылғы ақша-несие саясатын баға деңгейін тұрақтандыруға бағыттайтын болды. Сәйкесінше, нысаналы инфляциялық көрсеткішке жету үшін барлық құралдарды пайдалану міндеті қойылды.

Баға деңгейін тұрақтандыру – маңызды міндет екені сөзсіз, алайда «Халық коммунистері» фракциясы ішкі нарықтағы сұраныс отандық тауар және қызмет түрлерімен толық қамтылмаса, мәселені монетарлық тәсілмен шешу мүмкін емес деп санайды. Бұл қазіргі несие саясатымен тікелей байланысты.

Четверг, 24 января 2019 11:50

Депутаттық сауал

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі  

Б.Ә.Сағынтаевқа

Депутаттық сауал

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!        

Үстіміздегі жылдың 13 қаңтары күні Қарағанды облысының Нұра ауданында мемлекеттік қорық аумағында заңсыз киік атқан браконьер-қарақшылардың қолынан қорықшы Ерлан Нұрғалиев қаза тапты. Бұл оқиға бүкіл Қазақстан қоғамын дүр сілкінтіп, БАҚ-та, әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланып, қызу талқылануда.

Четверг, 17 января 2019 15:13

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

Қ.Н. Қасымовқа

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және спорт министрі

А.Мұхамедиұлына

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы!

Құрметті Арыстанбек Мұхамедиұлы!

2018 жылдың 2 желтоқсанында Дублинде футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Қазақстанға келетін командалар арасында әлемдік футбол жұлдыздары болады. Мұның өзі еліміздің футбол жанкүйерлері арасында оң эмоция тудыртып отыр. Толық сеніммен «Астана-Арена» стадионындағы аншлагтар туралы  айтуға болады.

Четверг, 27 декабря 2018 14:50

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Біздің Үкіметке шикізат ресурстарын ұқыпты пайдалану мәселесіне қатысты бұған дейін жолдаған сауалымыз әрекетсіз қалды.

Елімізде дайындау, өткізу және шикізатты қайта өңдеу саласында  қалыптасқан жағдай өтірікке құрылған, адамдардың әділдікке деген сенімдерін жойып қана қоймай, болашаққа деген үміттерін үзеді.

Понедельник, 24 декабря 2018 15:45

Депутаттық сауал

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

2014 жылдың желтоқсан айында «Қазақстан – Түркменстан – Иран» темір жол бағдары іске қосылды. Ол қазақстандық тауарларға Парсы шығанағының кемежайларына тікелей жол ашып, транзит табысын түрлендіреді деп күтілген болатын. Үкіметтің болжамы бойынша, бұл жолдағы жүк тасымалының ауқымы 2022 жылы жобалық қуаты жылына 15 миллион тоннаға жетуі тиіс.

Четверг, 06 декабря 2018 12:07

Депутаттық сауал

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Депутаттық сауал

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құс шаруашылығы өтпелі кезеңнің көптеген қиындықтарын еңсеріп, республикадағы ауыл шаруашылығы өндірісінің флагманына айналған жедел жобалардың бірі болды. Оның елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қосқан үлесі, халықты базалық, әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтуы жоғары бағаға лайықты. Сала өнімі халықаралық нарыққа шығып отыр. Бұл инвестиция тарту мен сала кәсіпорындарына қаржылық қолдау көрсетудің сауатты мемлекеттік саясаттының нәтижесі. 

Четверг, 06 декабря 2018 12:03

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті  Бақытжан Әбдірұлы!

Біз бұл депутаттық сауал арқылы Үкімет назарын мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың мәселелеріне аудартқымыз келіп отыр.

Мүгедектер арбасымен жүретін мүгедек балалардың ата-аналары көліктерін арнайы мүгедек адамдарға арналған тұрақтарға қоюға құқылы ма? Мүгедек балалардың қамқоршыларына зейнеткерлікке ерте шығу жеңілдігі қарастырылмаған. Мүгедек балалары бар жұмыс істейтін ата-аналардың баланың емі мен оңалту шараларына байланысты кезектен тыс демалыс алуға мүмкіндігі жоқ. Мүгедек бала күтіміне байланысты қысқа жұмыс уақыты   мен  қоғамдық көлікте жүру жеңілдіктері де қарастырылмаған.  Мүгедектігі бар балалардың ата-аналарында орта-кәсіби және жоғары оқу орындарында жеңілдікпен түсу мүмкіндіктері жоқ.

Среда, 28 ноября 2018 19:03

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті  Бақытжан Әбдірұлы!

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы арқасында Үкімет электр қуаты мен көмір бағасын төмендету үшін тиісті іс-шаралар қабылдап жатыр.

Бас прокуратура электр қуаты бағасын негізсіз өсіргендерге тиісті шара қолданып жатыр. Тарифтердің арту себептері мен оған айыптылар да белгілі болды. Оларды қудалау және халыққа тиесілі қаражатты қайтару бойынша шара қабылданды.

Ал көмірге қатысты жағдай басқаша. Ұзақ жылдар бойы көмір қымбат бағамен сатылды, бірақ Үкімет те, құзіретті органдар да бұған қатысты ешқандай шара қабылдамады.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.