Дүйсенбі, 24 Желтоқсан 2018 15:45

Депутаттық сауал

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

2014 жылдың желтоқсан айында «Қазақстан – Түркменстан – Иран» темір жол бағдары іске қосылды. Ол қазақстандық тауарларға Парсы шығанағының кемежайларына тікелей жол ашып, транзит табысын түрлендіреді деп күтілген болатын. Үкіметтің болжамы бойынша, бұл жолдағы жүк тасымалының ауқымы 2022 жылы жобалық қуаты жылына 15 миллион тоннаға жетуі тиіс.

Бейсенбі, 06 Желтоқсан 2018 12:07

Депутаттық сауал

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Депутаттық сауал

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құс шаруашылығы өтпелі кезеңнің көптеген қиындықтарын еңсеріп, республикадағы ауыл шаруашылығы өндірісінің флагманына айналған жедел жобалардың бірі болды. Оның елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қосқан үлесі, халықты базалық, әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтуы жоғары бағаға лайықты. Сала өнімі халықаралық нарыққа шығып отыр. Бұл инвестиция тарту мен сала кәсіпорындарына қаржылық қолдау көрсетудің сауатты мемлекеттік саясаттының нәтижесі. 

Бейсенбі, 06 Желтоқсан 2018 12:03

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті  Бақытжан Әбдірұлы!

Біз бұл депутаттық сауал арқылы Үкімет назарын мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың мәселелеріне аудартқымыз келіп отыр.

Мүгедектер арбасымен жүретін мүгедек балалардың ата-аналары көліктерін арнайы мүгедек адамдарға арналған тұрақтарға қоюға құқылы ма? Мүгедек балалардың қамқоршыларына зейнеткерлікке ерте шығу жеңілдігі қарастырылмаған. Мүгедек балалары бар жұмыс істейтін ата-аналардың баланың емі мен оңалту шараларына байланысты кезектен тыс демалыс алуға мүмкіндігі жоқ. Мүгедек бала күтіміне байланысты қысқа жұмыс уақыты   мен  қоғамдық көлікте жүру жеңілдіктері де қарастырылмаған.  Мүгедектігі бар балалардың ата-аналарында орта-кәсіби және жоғары оқу орындарында жеңілдікпен түсу мүмкіндіктері жоқ.

Сәрсенбі, 28 Қараша 2018 19:03

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті  Бақытжан Әбдірұлы!

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы арқасында Үкімет электр қуаты мен көмір бағасын төмендету үшін тиісті іс-шаралар қабылдап жатыр.

Бас прокуратура электр қуаты бағасын негізсіз өсіргендерге тиісті шара қолданып жатыр. Тарифтердің арту себептері мен оған айыптылар да белгілі болды. Оларды қудалау және халыққа тиесілі қаражатты қайтару бойынша шара қабылданды.

Ал көмірге қатысты жағдай басқаша. Ұзақ жылдар бойы көмір қымбат бағамен сатылды, бірақ Үкімет те, құзіретті органдар да бұған қатысты ешқандай шара қабылдамады.

Сәрсенбі, 28 Қараша 2018 17:49

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті  Бақытжан Әбдірұлы!

Біз бұл депутаттық сауал арқылы Үкіметтің назарын кітапханашылардың еңбек жағдайына, кітапхана қоры мен жалпы кітапхана саласындаңы мәселелерге аудартқымыз келіп отыр. Кітапхананың тәрбиелеу мен білім беру ісінде, кітап оқуды насихаттауда, рухани құндылықтар және тұлға мәдениетін қалыптастыру мен дамытуда атқаратын рөлі зор.

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаттарына

(тізім бойынша)

8 қараша 2018 жылғы №ДЗ-189

Құрметті депутаттар!

Сіздердің 7 қараша 2018 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сапалы оңалту мен қатынас құралдарын сатып алу үшін мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға тікелей қаржы бөлуге қатысты  жариялаған депутаттық сауалдарыңызға қатысты  жауабымыз.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 шілде 2005 жылы №754 қаулысымен бекітілген мүгедектерге ұсынылатын техникалық қосалқы (компенсаторлы) құралдар мен арнайы қатынас құралдарының тізіміне техникалық оңалту құралдарының 55 атауы кіреді. Олар мынадай функционалды топқа бөлінген:  протезді-ортопедиялық құралдар, сурдотехникалық, тифлотехникалық, арнайы қатынас құралдары, міндетті гигиеналық құралдар. 

Жұма, 23 Қараша 2018 10:21

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Біздің депутаттық сауал Семей қаласы аймақтық онкология диспансері жанындағы Ядролық медицина орталығының құрылысы мен пайдалануға берілу мәселесіне қатысты.

Жоспар бойынша бұл орталық 5 жыл жұмыс істеуі тиіс еді, алайда сметалық құны 6 миллиард 151 миллион теңгені құрайтын нысан әлі күнге дейін қолданысқа берілген жоқ.

Жұма, 23 Қараша 2018 10:01

Депутаттық сауал

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары

Е.А. Досаевқа

Депутаттық сауал

Құрметті  Ерболат Асқарбекұлы!

Денсаулық сақтау саласы реформаларды қажет ететіндігі сөзсіз, бірақ,   аталмыш реформалар ұсынып отырған медициналық қызмет деңгейі халықтың көңілін көншітпей отыр. Бұған Мемлекет басшысының ведомствоға қатысты айтқан сыны да дәлел.

Кез келген істің  нәтижелі болуы кадрларға байланысты. Біздің ойымызша, отандық медицинаны революциялық мерзімде ешбір дайындықсыз, алдын-ала қажетті жағдай жасамастан, әсіресе сандық және сапалық кадрлық дағдарыс кезінде  әлемдік стандарттарға ауыстыру үлкен қиындықтар туғызуы мүмкін.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.