Смирнова Ирина Владимировна

VI шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

Білімі: жоғары. 1977-1983 жылдары Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту Орденді Қазақ педагогикалық институтында орта мектептің биология пәні мұғалімі мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолы: 1979-1983 жылдары Қазақ КСР Жамбыл облыстық №22 орта мектебінде биология пәнінің мұғалімі.

1983-1984 жылдары - КСРО АШМ ҒЗИ Ауыл шаруашылығының лаборанты.

1984-1991 жылдары - Қазақ КСР Жамбыл облысы №22 орта мектебінің биология пәні мұғалімі, сыныптан тыс және штаттан тыс жұмыс ұйымдастырушы.

1991-1993 жылдары Көкшетау облысы, Рузаевка ауылының Рузаев орта мектебінде сыныптан тыс және штаттан тыс жұмыс ұйымдастырушы, директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, Рузаев орта мектебінің директоры.

1993 жыл Алматы қаласы №91 орта мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары.

1996-2006 жылдары Алматы қаласы № 68 орта мектебінің директоры. 2010-2011 жылдары Алматы қаласы №9 оқушылар үйінің директоры. 2011-2016 жылдары Алматы қаласы № 48 мектеп-лицейінің директоры.

2016 жылдың наурызынан бастап партиялық тізім бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

«Қазақстан Республикасының білім беру үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен, «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медалімен, «Медеу ауданын дамытуға қосқан үлесіүшін» медалімен, «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» медалімен марапатталған.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.