Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы

Еңбек жолын 1983 жылы Қорғалжын кеңшарында механик болып  бастаған.

1983-1987 жылдары Қазақстан ЛКЖО Қорғалжын аудандық комитеті Қорғалжын кеңшары комсомол комитетінің хатшысы.

1987-1990 жылдары Қазақстан Компариясы Қорғалжын аудандық комитеті идеология бөлімінің нұсқаушысы.

1990-1992 жылдары Қазақстан ЛКЖО Қорғалжын аудандық комитетінің бірінші хатшысы.

1992-1994 жылдары Қарағанды облысы Теңіз аудандық әкімшілігі мәдениет бөлімінің меңгерушісі.

1994-1997 жылдары Қорғалжын аудандық әкімшілігі жастар ісі, туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі, мәдениет бөлімінің меңгерушісі.

1997-1998 жылдары жанар-жағармай құю стансасының механигі.

1998-2001 жылдары Ақмола облыстық «Сұңқар» әскери-техникалық лицейінің взвод командирі, директордың әскери дайындық жөніндегі орынбасары.

2001-2002 жылдары Дружба орта мектебі директорының әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі орынбасары.

2002-2003 жылдары аудандық білім бөлімінің алғашқы әскери дайындық және спорт жөніндегі әдіскері.

2003-2005 жылдары Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының бас маманы, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бастығы.

2005-2011 жылдары Қазақстан Коммунистік халық партиясы Орталық Комитетінің аппарат басшысы, хатшысы.

2012 жылғы 20 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Қазақстан Коммунистік халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.